Дүниежүзілік мұнай кеңесі ЭКСПО-2017 көрмесіне қатысуға қызығушылық танытып отыр

размер шрифта: Aa | Aa
29.10.2015 18:32

Астана қаласында EXPO-2017 халықаралық мамандандырылған көрмесін өткізу туралы ҚР Үкіметінің шешіміне сәйкес KAZENERGY қауымдастығы осы ұлттық шараға қатысуға жаһандық энергетикалық ұйымдарды тартуда белсенді іс-қимылдар жасауда.

ДМК жанындағы Қазақ Ұлттық комитетінің Төрағасы, KAZENERGY қауымдастығы Төрағасының орынбасары  Жамболат Сәрсенов осы мақсатпен  жаһандық мұнай-газ қоғамдастығының мүддесін білдіретін ірі халықаралық ұйым – Дүниежүзілік мұнай кеңесінің (World Petroleum Council) Атқарушы комитетінің 26-28 қазан аралығында Нью-Дели қ. (Индия) өткен кезекті мәжілісіне қатысты. Үш күндік шараның бағдарламасы атқарушы  және бағдарламалық комитеттердің кездесулерін, сондай-ақ ДМК мәжілісін қамтыды.   

Қазақстанның таяу арадағы ең  ірі халықаралық жобасы EXPO-2017-ні таныстыру   -  мәжілістің негізгі тақырыбы болды.

«EXPO-2017-ге қатысу климат өзгерістерін болдырмау  бойынша саясатты іске асыру үшін  және CO2 шығарындыларын азайту бойынша шешімдерді іздестіру үшін әлеуметтік және технологиялық ортадағы ынтымақтастықты кеңейтуге зор мүмкіндік береді.

Дүниежүзіне белгілі EXPO  көрмесі екіжақты қатынастарды әрі қарай нығайту үшін тамаша мүмкіндіктердің бірі болып табылады.   Астанада өтетін EXPO көрмесінің жалпы ауданы  174 гектар.

Біз көрмеге 100-ден астам мемлекеттің  және 10 халықаралық ұйымның өкілдері, сондай-ақ үш миллионға жуық келушілер  қатысады деп күтудеміз. Бүгінгі күні 49 ел өзінің көрмеге қатысатынын ресми түрде растады» - деп  мәжілісте атап көрсетілді.

Бұдан бұрын Кеңестің EXPO-2017 жұмысына қатысуы ДМК-нің  2013 жылы Калгариде  өткен мәжілісінде талқыланған болатын.  Кездесу қорытындысында ДМК Президенті Ренато Бертани Астанадағы көрмеге қолдау көрсетуге  және Дүниежүзілік мұнай кеңесінің тұрақты энергетика  мәселелері бойынша мамандандырылған шарасын өткізу арқылы оған қатысуға ниет білдірді.

Оған қоса, Жамболат Сәрсенов  қатысушыларды   Президент  Нұрсұлтан  Назарбаевтың қолдауымен іске асырылып жатқан еліміздің экономикалық әл-ауқатын қамтамасыз ететін басты механизмдерімен таныстырды. Біріншісі -  «Нұрлы Жол – Болашаққа жол» бағдарламасы, осы бағдарлама аясында жалпы қаржы салымы 9 млрд. АҚШ долларын құрайтын экономиканың 90 басым жобасы  және «Жібек жолының Экономикалық белдеуі» жобасы іске асырылмақ. Өңірдің экономикалық қауіпсіздігін қамтамасыз ету ұмтылысы Қазақстан мен Қытайдың бірлескен жобаларында  көрініс тапқан. «Энергетикалық сұраныс және Қытай мен Қазақстанның ұсынысы екіжақты экономикалық және сауд алмасуларын дамыта отырып бірін-бірі жақсы толықтырып отыр», - деп атап көрсетті KAZENERGY Төрағасының орынбасары.

Қазақстан аумағында орналасқан, өте мол көмірсутек ресурстары бар Каспий маңы ойпатындағы Қазақстанның жер қойнауларының геологиялық зерттеулерінің қорытындысы да  аудиторияның назарына ұсынылды. Олардың ашылуы республиканың ресурстық әлеуетін екі есеге көтереді деп болжамдануда. Атап айтқанда, бірқатар жетекші дүниежүзілік  мұнай-газ компаниялары   қазірдің өзінде «Еуразия» жобасына қызығушылықтарын білдіріп отыр,  онда  2-3 жыл ішінде ең жаңа  инновациялық геологиялық технологияларды қолдану және тереңдігі 15 км дейін жететін аса терең ұңғыманы бұрғылау  көзделген.

Өткен мәжілістің қорытындысы бойынша ДМК Атқарушы комитеті Астанадағы халықаралық көрмеге бөлек көрме стендімен қатысу, сондай-ақ, көрме шеңберінде ДМК тұрақты энергетика  мәселелері бойынша мамандандырылған шарасын өткізу  туралы шешім қабылдады.

2008 жылғы маусымда Қазақстанның мұнай-газ саласының мүддесін білдіру мақсатында KAZENERGY  қауымдастығы Дүниежүзілік мұнай кеңесіне кіргенін естеріңізге саламыз. ДМК-ге мүшелік ету соңғы ғылыми, технологиялық жаңалықтарға және жетістіктерге, жалпы экономикалық және салалық ақпараттарға, сондай-ақ, әлемдегі барлық мемлекеттердің мұнай-газ саласының ағымдағы жағдайына  қатысты  жаңа ақпараттарды алуға барынша мол мүмкіндіктер береді.

Баспасөз қызметі

790181

PDFБаспаға жіберуE-mail
 

Комментарий жазу


Қауіпсіздік  коды
Жаңарту