Осы аптада Қазақстан Республикасының «Атамекен» Ұлттық кәсіпкерлер палатасы Мұнай-газ өндірісі комитетінің 14-ші мәжілісі аяқталды

размер шрифта: Aa | Aa
12.11.2015 12:47

Оған ҚР Энергетика министрлігі, ҚР ҚМ Мемлекеттік кіріс комитеті, KAZENERGY қауымдастығы, «ҚазМұнайГаз» ҰК АҚ, «ҚазМұнайГаз-өңдеу және маркетинг» АҚ және басқ. қатысты.

Күн тәртібі мазмұнды болды, атап айтқанда  Х Еуразиялық  KAZENERGY Форумының қорытындысы бойынша есеп,  КАНКТД қызметінің есебі тыңдалды және қабылданды. 2016 жылдан бастап мұнай базаларына аспаптарды орнату мерзімін ұзарту немесе тоқтату, парниктік газдарды реттеу туралы  мәселелер жан-жақты талқыланды. Сондай-ақ, мұнай-газ өндірісінің техникалық стандарттарға сұранысының кешенді талдауы  және халықаралық стандарттардың күрделі мәселелері, мұнай-газ өндірісіндегі, оның ішінде  Кедендік одақ, Еуразиялық экономикалық одақ шеңберіндегі техникалық регламенттер қаралды.

Мерейтойлық KAZENERGY форумының табыспен өтуі атап көрсетілді. Биылғы шараға әлемнің 53 елінен 3230 адам қатысты. Медиалық жариялауларды БАҚ-тың 100-ден астам ұйымдары жүзеге асырды.

Мәжіліс бағдарламасының ең маңызды әрі қызу талқыланатын тармағы мұнай базаларына арналған бақылау-есепке алу аспаптары (БЕА)  болды.  Бұл мәселеніт олық қарау үшін және БЕА жаңа жүйелеріне көшу үшін уақыт қажет, ал заңнаманың кейбір тармақтарына түзетулер мен толықтырулар енгізу қажет, себебі бұрын белгіленген 2016 жылғы қаңтар мерзімі БЕА орнатуға көшу уақытын қысқартады, мұның өзі  өндіріске және мұнай базалары мен АЖҚ қаржы жағдайына  қатты  әсер етеді. 

Парниктік газдарды реттеу мәселесі бойынша  «Парниктік газдардың шығарындылары мен сіңірулері саласындағы мемлекеттік реттеу» ҚР Экологиялық кодексінің 9-1 бөлімінің жекелеген баптарының қолданылу мерзімін тоқтату, кәсіпорындардың өндірістік жобалық қуаттылығы бойынша ПГ шығарындыларының есептеулері негізінде 2016-2020 жылдарға арналған парниктік газдардың шығарындыларына квота бөлудің ұлттық жоспарын әзірлеу  бөлігінде жұмыстар жүргізіліп жатыр.

KAZENERGY қауымдастығы

Баспасөз қызметі

+77172-790181

PDFБаспаға жіберуE-mail
 

Комментарий жазу


Қауіпсіздік  коды
Жаңарту