KAZENERGY қауымдастығының Адами капиталды дамыту жөніндегі үйлестіру кеңесінің мәжілісі

размер шрифта: Aa | Aa
17.11.2015 15:41

16 қарашада KAZENERGY қауымдастығында BG Қазақстан Президенті Питер Костеллоның төрағалық етуімен Адами капиталды дамыту жөніндегі үйлестіру кеңесінің кезекті мәжілісі өтті. Мәжіліске  KAZENERGY, «ҚазМұнайГаз» ҰК АҚ, «ҚазТрансОйл» АҚ,  «Кегок» АҚ, BG Қазақстан, NCOC,  «Теңізшевройл» ЖШС, TethysPetroleum, Agip Caspian Sea B.V., KPI, САУТС-ОЙЛ, сондай-ақ ҚР Энергетика министрлігі,  ҚР ДСӘДМ жұмыспен қамту мәселелері жөніндегі ААО өкілдері және басқалары  қатысты. Бұл кездесу биылғы жылғы қорытындылаушы болды және 2015 жылы іске асырылған жобаларға және алдағы жылғы жоспарларға арналды.

KAZENERGY мен «СНПС «Ай-дан Мұнай» АҚ-ның  келісімшарттық міндеттемелерді іске асыру жөніндегі әрекеттестігінің қорытындысы бойынша 237 студент еліміздің жоғары оқу орындарында және колледждерінде  жер қойнауын пайдаланушылар есебінен білім алып жатыр.  Солтүстік Каспий және Қарашығанақ  жобалары ауқымында ҚР азаматтарына білім беру ісіне әкімшілік етуді жүзеге асыру шеңберінде  оқуына ақы төлеу үшін 328 үміткер іріктеп алынды. Екеуінде де түлектердің әлеуметтік тұрғыдан әлсіз топтарына басымдық берілді. Оған қоса, 2014-2015 оқу жылына арналған KAZENERGY  білім беру бағдарламасы шеңберінде ҚазМұнайГаз, Маңғыстаумұнайгаз, Шеврон және Интергаз Орталық Азия қолдауымен  91 студентке шәкіртақы төленді және білім гранты берілді. Сондай-ақ, биыл техникалық мамандыққа оқып жүрген студенттерді саланың өзекті мәселелерін шешуге, инновациялық ойлауды дамытуға  және жастарды инновациялық идеяларды дамыту бойынша қозғалысқа тарту мақсатында  мынадай іс-шаралар жүргізілді: «Мұнай – өткеннің, бүгіннің және болашақтың энергиясы» атты дебаттық турнир, «Innovation man» инновациялық жоба әзірлеушілерінің байқауы, байқау жеңімпаздарының ҚР  ЭМ вице-министрі РК Ұ.С.Қарабалинмен кездесуі. Innovation man  байқауының нәтижесі қыркүйекте өткен  VIII KAZENERGY Жастар форумы барысында жарияланды. Сонымен бірге, биылғы жылы Х Еуразиялық KAZENERGY форумы шеңберінде Әйелдер энергетикалық клубының екінші мәжілісі өтті және мұнай-газ саласының тарихында алғаш рет  шығарылып отырған осы саладағы әйелдер анықтамалығы көпшілікке таныстырылды.   

Заңнаманы жетілдіру мақсатында Қауымдастық жаңа Еңбек кодексін әзірлеуге белсенді атсалысты – 6 тұжырымдамалық түзетулер ескерілді, «Міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру туралы» Заңға Қауымдастық ұсынған түзетулер енгізді, мұнда жалақының 5%  көлемінде жұмыс берушіден және  2%  көлемінде қызметкерден әлеуметтік салықтың 11 % енгізіледі. Оған қоса, KAZENERGY қауымдастығы жаңа редакциядағы «Халықты жұмыспен қамту туралы» Заңға толық қолдау білдірді және кәсіби стандарттарға тұрақты негізде  сараптама жүргізіледі.

Үйлестіру кеңесінің мәжілісі барысында ҚР ДСӘДМ «Жұмыспен қамту мәселелері жөніндегі ақпараттық-аналитикалық орталық»  АҚ Президенті Дәулет Арғандықов  елімізде Германия тәжірибесі бойынша әзірленген Кәсіптер жіктеуішінің ұсынылған моделімен таныстырды. Алдыңғы модельдегідей  4 деңгейді емес, 5 топтау деңгейін қамтитын жаңа модельдің негізгі міндеті пайдаланушылар үшін Кәсіптер жіктеуішін жеңілдету, оны анағұрлым тиімдірек пайдалану және бірдей және шектес басқару атқарымдары бойынша әртүрлі құжаттама жүйесінің ақпараттық үйлесімділігіне қол жеткізу болып табылады. Осылайша, ЭҚЖЖ  сәйкес кәсіптер сала бойынша бөлінеді, білім беру жүйесіндегі мамандықтармен бір ізге салынады, кәсіптердің қолданыстағы спектрі ұлғайтылады.

Құлсары кен орнында оқу-эксперименттік полигон құру бойынша жобаны  «ҚазМұнайГаз»  ҰК АҚ әлеуметтік саясат департаментінің директоры Еркін Рахымбергенов таныстырды. Жоба екі кезеңде іске асырылады. «ЭМГ» АҚ Құлсары кен орнында қосарлы оқыту бойынша пилоттық жоба  2015 жылғы тамызда  Атырау  мұнай және газ  институты, APEC Petrotechnic  жоғары мектебі және ҚБТУ  студенттері үшін  сала қызметкерлерін практикалық дағдыландыру, қайта даярлау және біліктілігін арттыру мақсатында іске қосылған болатын. Екінші кезеңде (2016-2017 жж.) жаңа технологиялық шешімдерді сынақтан өткізу жоспарланып отыр.

KAZENERGY қауымдастығы Адами капиталды дамыту жөніндегі департаментінің директоры Ляззат Ахмурзина Үйлестіру кеңесінің мүшелерін  2014-2015 жж арналған мұнай-газ саласының компаниялары бойынша жоабларға қолдау білдіруге және «Мұнай-газ саласындағы әйелдер» ақпараттық-аналитикалық шолуын даярлауға шақырды.

Былтырғы 2012-2013 жылдарға арналған Корпоративтік әлеуметтік жауаптылық бойынша есептің деректері КӘЖ шолуы түрінде көпшілік назарына ұсынылса, ендігі келесі шығарылымды толық  Әлеуметтік қызметтердің есебі ретінде шығару жоспарланып отыр.  Есептің Шолудан басты айырмашылығы GRI жетекшілігіне сәйкес сапалық және сандық көрсеткіштердің мол болуы. Есеп даярлау жұмыстары шеңберінде  барлық қатыстырылатын тұлғаларды оқыту жобаланып отыр, мұның өзі жобамен жұмыс істеуге  қосымша ынталандырады. Өткен тәжірибе негізінде адами және уақыт ресурстарын барынша аз пайдалана отырып ақпарат жинау және өңдеудің жеңілдетілген-жетілдірілген моделін жасау жоспарланып отыр.

«Мұнай-газ саласындағы әйелдер» ақпараттық-аналитикалық шолуының мақсаты Қазақстандағы мұнай саласын дамытудың тарихи  оқиғалары тізбегінде әйелдердің «ерлер» саласына қатысу жолын көрсету, басшылық қызметтердегі гендерлік балансты құру көрсеткіштерін анықтау, мұнай-газ саласындағы гендерлік ассиметрияны  еңсеру мәселесінде халықаралық тәжірибені талдау, әйелдердің табыстары тарихын  және «әйел мұнайшылар» династиясын сипаттау. 

Баспасөз қызметі 79 01 81 

PDFБаспаға жіберуE-mail
 

Комментарий жазу


Қауіпсіздік  коды
Жаңарту