18-қарашада ҚР Атамекен Ұлттық кәсіпкерлер палатасында Кәсіптер (кәсіптер, қызметтер) топтастырғышын талқылады

размер шрифта: Aa | Aa
20.11.2015 17:59

Қызмет түрлері және кәсіби қызмет салалары бойынша топтастырылған мұнай-газ кәсіптерінің тізіміне қатысты адами капиталды дамыту жөніндегі департаменттің директоры Ляззат Ақмұрзина сөз сөйледі. 

Қауымдастық Кәсіптер  топтастырғышы жобасына кейбір түзетулер енгізуді ұсынады:

1)      мұнай-газ саласының жұмысшылары мен қызметкерлерінің барлық кәсіптері мен қызметтерін олардың ерекшелігі мен қызмет  түрлері бойынша белгілеу (мұнай және табиғи газды барлауға байланысты кәсіптер; шикі мұнайды және табиғи газды бұрғылауға байланысты кәсіптер; шикі мұнайды және табиғи газды  өндіруге байланысты кәсіптер).

2)      жұмысшылар мен қызметкерлердің  ішкі саладағы кәсіптер бойынша кәсіптік біліктіліктерінің диапазонын  5 деңгейге дейін  ұлғайту және 90 кодты біліктілікті 6 және 7-деңгейге дейін (әкімшілік ету және өндірістік басқару саласындағы кәсіптер) жалғастыру, мұның өзі біліктілік деңгейін топтастыратын іртүрлі нормативтік құжаттардағы біліктілік деңгейлерімен үйлестіріледі және бірдейленеді: Жұмысшылардың кәсіптері, қызметшілердің лауазымдары және тарифтік разрядтардың  жалпы одақтық топтастырғышы; Бірыңғай тарифтік-біліктілік анықтамалық; Басшылар, мамандар және басқа да қызметкерлердің лауазымдарының біліктілік анықтамалығы; Техникалық кәсіптік, орта білімнен кейінгі кәсіптер мен мамандықтардың топтастырғышы; Жоғары және жоғары білімнен кейін білім алатын мамандықтардың топтастырғышы;  Ұлттық біліктілік шеңберіжәне Салалық біліктілік шеңбері.

3)      Геодезиялық және  геологиялық зерттеулер бойынша барлық жұмыстар: жер бетін және шектес топырақ қабаттарын зерттеу; гидрологиялық іздестіру жұмыстары; жерасты қабаттарын зерттеу бойынша жұмыстар; шекараларын межелеуге байланысты картографиялық қызметтер, Қазақстан Республикасының экономикалық қызмет түрлерінің жалпы топтастырғышына сай  жалпы бөлімде  «Инженерлік ізденулер және осы салада техникалық кеңес беру саласындағы қызметтерге»  белгілеу немесе «шикі мұнайды және табиғи газды бұрғылауға байланысты кәсіптерге» белгілеу.

KAZENERGY қауымдастығы  қазіргі уақытта таяуда аяқталуы жоспарланған кәсіптер топтастыру саласындағы басқа бағыттар бойынша  да  жүргізіп жатыр.

2015 жылы Сала бойынша қызметтердің тарифтік-біліктілік  сиптатамасы, Мұнай-газ саласының мамандықтары мен қызметтерінің тізімі және басқа да тиісті құжаттарға сәйкес,   жаңадан қабылданған мұнай-газ саласының барлық мамандықтарын  Кәсіптер топтастырғышына енгізуді  Қауымдастық осы мәселедегі басты міндет деп санайды. 

PDFБаспаға жіберуE-mail
 

Комментарий жазу


Қауіпсіздік  коды
Жаңарту