ЭКСПО-2017 шеңберінде БҰҰ Еуропалық экономикалық комиссиясының тұрақты даму энергетикасы жөніндегі халықаралық форумы және министрлік конференциясы өтеді

размер шрифта: Aa | Aa
24.11.2015 11:01

Мұндай шешім Женевада қарашаның 18-і мен 20-сы аралығында өткен БҰҰ Еуропалық экономикалық комиссиясы Тұрақты энергетика комитетінің (UNECE) 24-ші сессиясының қорытындысы бойынша қабылданды.  Бұл шараға Қазақстан Республикасы атынан KAZENERGY қауымдастығының бас директоры  Әсет  Мағауов және атқарушы директоры Рамазана Жампиисов қатысты. Сапардың негізгі мақсаты екіжақты ынтымақтастықтың перспективасын талқылау  және алдағы Астанада өтетін  EXPO 2017  көрмесі шеңберіндегі тұрақты даму мүддесінде БҰҰ ЕЭК энергетика бойынша Халықаралық форумын өткізуді жобалау.  Осыған байланысты, Әсет Мағауов  Женевадағы БҰҰ офисінің бас директоры Майкл Мёллермен,  БҰҰ ЕЭК  Тұрақты энергетика жөніндегі комитетінің  төрағасы Юрген Кеинхерстпен, БҰҰ ЕЭК  Тұрақты энергетика бөлімшесінің директоры Скот Фостермен кзедесті, сондай-ақ, Комитет мәжілісінде  Астанада ЭКСПО-2017  көрмесін  өткізу жобасымен таныстырып сөз сөйледі. Астана қ. 2017 жылы БҰҰ ЕЭК Тұрақты энергетикажөніндегі халықаралық форумын және министрлік конференциясын өткізу туралы шешім қабылдау келіссөздердің табысты нәтижесі болды.

БҰҰ ЕЭК атқарушы хатшысының орынбасары Андрей Васильев қатысқан  Х Еуразиялық  KAZENERGY форумы барысында бірлескен ынтымақтастық туралы келісімге қол жеткізілгенін естеріңізге саламыз .

Әсет Мағауов  «Іске асыру және табыс көрсеткіштері»  панельдік пікірталасында сөз сөйлей отырып,  тұрақты энергетиканың Қазақстанды дамытудың басты элементі болып табылатынын атап көрсетті. «Соңғы жылдары  Үкімет  энергиялық тиімділік және жаңармалы энергия көздерін қолдау саласында «жасыл экономикаға» көшу бойынша бірқатар стратегиялық құжаттарды қабылдады. Қазақстан парник газдардың шығарындыларын шектеу бойынша халықаралық міндеттемелерді қабылдады.  Осы мақсатта квота бөлу механизмі арқылы көмірқышқыл газының шығарындыларын реттейтін ұлттық жүйе құрылды. елдің тұрақты даму жолына көшуіне қосымша  серпін беру үшін Қазақстан EXPO-2017 «Болашақ энергиясы»  халықаралық мамандандырылған көрмесін қабылдауға дайындалып жатыр, - дейді ол өз сөзінде.   

Тұрақты энергетиканы дамыту жолдарын талқылау барысында біздің экологиясыз үшін көмір энергетикасының (энергия ресурстарын тұтыну құрылымында шамамен  60%) экологиялық таза  көздердің: газ энергетикасы, жаңармалы көздер, атом энергетикасының бірте-бірте  орнын басуы аса маңызды екені атап көрсетілді. Қазақстан   азия  өңірінде   парник газдардың шығарындыларын реттеудің ұлттық жүйесін құрған алғашқы ел болғанын атап көрсеткен жөн. Жаңармалы энергия көздерін инвестициялау үшін  Қазақстан заңнамасы жоғары тұрақтылық деңгейіне ие болып оты.

Оған қоса, сарапшылар арасында жаңармалы энергия көздерін қолдау механизмдері, энергия тиімділігін қамтамасыз ету және ҚР-да парник газдардың шығарындыларын азайту мәселелері  сөз болды. Қазақстан  ЕО-да (әлемнің басқа да елдерінде) жүзеге асырылған «арнайы» тарифтер сызбасын басшылыққа ала отырып, ЖЭК пайдалануды қолдау механизмдерін жасап шығарды. Қазақстан заңнамасындағы  ЖЭК қолдаудың жоғары деңгейінің арқасында соңғы екі жыл ішінде жалпы сомалық қуаты  3000 МВт астам (электр станциялардың жалпы белгіленген қуатының 14%-ы) ЖЭК жобаларын қарау ұсынылды.

Энергиялық тиімділік бөлігінде қазіргі уақытта энергия үнемдеу бойынша саясат мыналарды қарастырады: энергия ресурстарын тұтыну саласындағы әртүрлі нормативтер мен талаптарды енгізу  және энергия тұтынушы жабдықтарды пайдалану, сонымен  қатар қыздыру лампаларын пайдалануға тыйым салу және  жобалық құжаттамаға жаңа талаптар енгізу. Республиканың ірі кәсіпорындары  2016 жылдың жартысына дейін  энергетикалық тексерулер (энергия аудиттерін) өткізуге міндетті, олардың негізінде энергия үнемдеу және энергия тиімділігін арттыру бойынша жоспарлар  жасалады. Халықаралық тәжірибені ескере отырып, елімізде  ақша қаражатын энергия үнемдеу бойынша шараларға тартуға мүмкіндік беретін энергия сервистік келісімшарттар механизмі енгізілуде.

Парник газдардың шығарындыларын азайтуға қатысты парник газдардың шығарындыларын мемлекеттік реттеу жүйесі шеңберінде  шығарындыларды азайцту бойынша талап қойылған  166 ірі кәсіпорынға шығарындылар бойынша квота бөлу  жүргізіледі  (көмір қышқыл газының  жалпы шығарындыларының 65,8%-ы). Биыл Парижде парник газдар шығарындыларын азайту бойынша жаңа  жаһандық шартты талқылау нәтижесінде Қазақстан 1990 жылғы деңгеймен салыстырғанда 2030 жылға қарай парник газдар шығарындыларын 15% азайту бойынша мақсат қойып отыр.  

Жасыл экономикаға көшу – біздің еліміздің, оның ішінде жаңармалы энергия көздерін енгізу, парник газдардың шығарындыларының энергия тиімділігін арттыру және азайту  бойынша ұзақ мерзімді, кешенді  стратегиясы. Елдің «жасыл» энергияны дамыту жолына көшуіне қосымша серпін беру мақсатында Астанада  EXPO-2017 «Болашақ энергиясы»  халықаралық мамандандырылған көрмесі өткізіледі.   

 

Баспасөз қызметі  79 01 81

 

PDFБаспаға жіберуE-mail
 

Комментарий жазу


Қауіпсіздік  коды
Жаңарту