Әлемдік энергетиканы әртүрлі әдістемелік тәсілдермен дамыту трендісін кеше Стратегиялық сарапшылық клубтың мәжілісінде талқылады.

размер шрифта: Aa | Aa
24.11.2015 18:15

Физик, әлеуметтанушы, зертеуші, публицист, «Энциклопедия» ғылым және мәдениет қызметкерлерінің қоғамдық ұйымының президенті, Зерттеу тобы бөлімінің басшысы Переслегин Сергей Борисович Бас баяндамашы ретінде сөз сөйледі.  

Таныстыруда «болжамдау сегіздігі» деп аталатын болжамдаудың базалық  технологиясы,  болжамдау құралдары: дискреттік сценарийлер, дельфи-әдіс, коммуникация (форсайт), имитациялық үлгілеу және т.б.; жаһандық энергетика мәселелерінің сатылары,  болуы мүмкін сценарийлер жан-жақты талқыланды. Басты тақырып, сөзсіз,  Қазақстанның экономикалық жағдайы, оның энергетикалық секторы туралы болды.   

Модератор: Сәдуақасов Дәрмен Қанатұлы, «ҚазМұнайГаз» ҰК АҚ стратегия және жиынтықтау-үйлестіру жұмыстары департаментінің директоры.

Қатысушылар:

Құлекеев Жақсыбек Абдрахметұлы – «ҚМГ Барлау және өндіру технологиялары ҒЗИ» ЖШС бас директорының кеңесшісі; Егоров Олег Иванович – Экономика институтының Бас ғылыми қызметкері, э.ғ.д., профессор; Есентүгелов Арыстан Есентүгелұлы – Бас ғылыми қызметкері, э.ғ.д., «Экономикалық зерттеулер институты» АҚ профессоры; Додонов Вячеслав Юрьевич – ҚР Президенті жанындағы Қазақстандық стратегиялық зерттеулер институтының Бас ғылыми қызметкері  және басқалары.

23-қарашадағы  СЭК мәжілісі – биылғы жылғы соңғы мәжіліс, алдағы 2016 жылға  көптеген қызықты кездесулер жоспарланған. 

PDFБаспаға жіберуE-mail
 

Комментарий жазу


Қауіпсіздік  коды
Жаңарту