Қазақстанда мұнай-газ саласы үшін тауарлар мен қызметтерді жеткізушілерді іздеу АЛАШ жуйесі арқылы жүзеге асырылады.

размер шрифта: Aa | Aa
26.11.2015 15:35
IMG_3674

Мұнай-газ саласының сатып алулары үшін  жергілікті мазмұнды дамыту  және Жол картасы  шеңберінде ҒЗТКӘ  жобаларын іс жүзінде  іске  мәселелерін кеше KAZENERGY қауымдастығында  Ғылым, инновация және жергілікті мазмұнды дамыту мәселелері жөніндегі үйлесмтіру кеңесінде талқыланды.  Мәжіліс Қазақстандағы Шелл Төрағасы Данкан ван Бергеннің төрағалық етуімен, PSA, КПО Б.В., Би Джи, Аджип Қарашығанақ Б.В., NCOC, ҚМГ-өнімдері, Интергаз ОА  және басқа компаниялардың  топ-менеджментінің қатысуымен өтті.

Атап айтқанда, мұнай-газ компаниялары үшін  АЛАШ -  жеткізушілердің  жаңа деректер базасын (портал)  енгізу, Ұлыбританиямен инвестициялық қарым-қатынастарды дамыту бойынша әрі қарайғы қадамдар жөніндегі жоспарлар,  "алғашқы тендерлер" механизмін енгізу және оның жұмыс істеуі, жер қойнауын пайдалану саласындағы сатып алуларды құқықтық реттеу, Ғылыми-технологиялық дамудың жол картасын іске асыру мәселелері және қауымдастық мүшелерінің ғылыми-зерттеу қызметтерінің нұсқалары және басқа да мәселелер талқыланды. 2016 жылғы ақпаннан бастап  ТШО, КПО және  НСОС  үш ірі жобасының операторлары АЛАШ жүйесінің көмегімен тапсырыс беруші  ұсынатын критерийлерге сәйкестігі  бағаланатын тауарлар мен қызметтерді іздеу бойынша жұмыстарды  (қайтадан квалификациялау) жүргізе алады  деп күтілуде.  Қазақстандағы жергілікті өндірісті дамыту үшін Ақтау декларациясының қағидаларын ескере отырып, мұнай-газ саласына арналған тауарлар мен жабдықтарды шығару үшін Ұлыбритания компанияларымен бірлескен жаңа кәсіпорындар құру  жоспарланып отыр. 40-қа жуық ағылшын компаниялары қазақстандық кәсіпорындармен бірігіп жұмыс істеуге дайын отырғаны атап өтілді.  Оған қоса, «PSA» ЖШС-ның  ірі жобалардың опреаторларымен жасалған келісім бойынша қазіргі уақытта «алғашқы» тендерлер жобасы іске асырыла бастады, мұның өзі инвестициялаудың өндірісті іске қосу сатысында екенін, осылайша компанияны кепілдікті тапсырыстармен қамтамасыз ететінін білдіреді.  Бүгінде КПО және  НКОК «алғашқы» тендерлердің  шамемен 10 шақтысын   іске асыруды белгіледі. Сонымен  қатар, Үкіметтің тапсырмасына сай мұнай-газ саласында кластер  құру бойынша жол картасы әзірленді. Жобаның мақсаты:  өзара байланысты кәсіпорындарды географиялық шоғырландыру: технологияларының ұқсастығы, шикізат базасының бірдейлігі және т.б.  арқылы  жергілікті компаниялардың ұлттық және әлемдік нарық деңгейінде өндірімділігін, тиімділігін және бәсекеге қабілеттілігін арттыру. Үкіметтің және орталық меморгандардың құзыретін шектеуге байланысты, сонымен қатар ҚР-ның ЕАЭО және ДСҰ-ға кіруіне байланысты жер қойнауын пайдаланушылардың сатып алуларын құқықтық реттеу қажеттілігі туындап отыр. Жүргізілген талдаулар негізінде ТЖҚ сатып алу қағидаларына  бірқатар түзетулер енгізуге бастама көтеру жоспарланып отыр. Технологиялық дамудың жол картасы шеңберінде Би Джи Қазақстан  өз технологиясын қазақстандық компанияларға табыстау мүмкіндігін бағалау, талдау бойынша жобаға бастама көтерді. KAZENERGY-мен бірлесіп осы саланың 18 компаниясы іріктеп алынды.  Сөйтіп, оңтайлы технология дәрежесінде бұрғылау кезіндегі қалдықтарды жинау және жоюды ұйымдастыру бойынша бизнес жоспар әзірленді. Сонымен қатар, мәжілісте жер қойнауын пайдаланушылар үшін қиын мәселе болып оытрған   жер қойнауын пайдаланушылардың ҒЗТКӘ қаржыландыруы бойынша міндеттемелерін орындау мәселесі де талқыланды. Қазіргі уақытта қолданыстағы заңнамаға сәйкес  жер қойнауын пайдаланушы жиынтық жылдық табысының 1 % ҒЗТКӘ қаржыландыруға аударуға міндетті екені белгілі. Осы орайда, жер қойнауын пайдаланушы  ҒЗТКӘ орындау үшін қазіргі заңнамада нақты анықтама берілмегендіктен тақырып пен бағыт таңдауда қиындықтарға ұшырап отыр. Бүгінгі күні  бұл құралдарды пайдалану механизмі және ҒЗТКӘ нақты іске асыру процесі  әлі реттелмеген. Бұл мәселе Үйлестіру кеңесінің кезекті мәжілісінде қаралады.  

Баспасөз қызметі: 79 01 81  

PDFБаспаға жіберуE-mail
 

Комментарий жазу


Қауіпсіздік  коды
Жаңарту