Карбонатты Жыныстардың Матрицалық Стимуляциясы – Зерттелмеген және Толық Оңтайландырылмаған Техниканы Қолдану

размер шрифта: Aa | Aa
26.11.2015 17:00

DSC_0910

Кеше Инженер- Мұнайшылар Қоғамының Еңбек сіңірген Лекторы  Муртаза Зиауддиннің осы тақырыптағы  таныстыруы SPE  және  Shell компанияларының Астана секторының қолдауымен өтті.

Лекцияда көмірсутек ағынын арттыру үшін  карбонатты коллекторларды стимуляциялау саласындағы негізгі тәсілдер мен тәжірибе туралы, атап айтқанда, жер қабатын қышқылдық өңдеу және жер қабатын жару  туралы сөз қозғалды.  Осы стимуляциялау әдістерін қате пайдалану кезіндегі жиі кездесетін қателіктер талқыланды.  Кез келген стимуляциялау түрінің бағдарламасын жұмыс басталғанға  дейін  дұрыс модельдеу және жоспарлау  маңыздылығына негізгі екпін жасалды, мұның өзі олардың тиімділігін арттырады және экономикалық өтімділігін жылдамдатады.    

Муртаза Зиауддин -   матрицалық  стимуляция және өндірістік химия бойынша кеңесші, Schlumberger. Әзірлеме саласында 18 жылдан астам өндірістік тәжірибесі бар  және  SPE үш кітабының серіктес авторы, соңғы еңбегі -  Chemistry for Enhancing Production.  Муртаза Зиауддин   27 техникалық құжат әзірледі және оның 14 патенті бар. Білімі: Ғылым бакалавры, Хьюстон Университеті және    PhD Миннесота Университеті, химиялық инженерия. 

PDFБаспаға жіберуE-mail
 

Комментарий жазу


Қауіпсіздік  коды
Жаңарту