Мұнайдың апатты төгілуіне дайын болу және іс-қимыл жасау мәселелерін 26-қарашада ҚР Энергетика министрлігі әртүрлі компаниялардың сарапшыларымен бірге қарады.

размер шрифта: Aa | Aa
27.11.2015 18:21
12309868_1118760918149221_4421264651327230462_o_1

Семинар ҚР мұнай-газ саласының өндіруші секторын ғылыми-технологиялық дамытудың жол картасы, 5 мақсатты секциясы – «ДЕҚОҚ және операциялар»   шеңберінде жоспарланды. Іс-шарада KAZENERGY қауымдастығының Бас директоры Әсет Мағауов сөз сөйледі. Мұнайдың төгілуіне табысты іс-қимыл жасаудың негізгі элементтері, негізгі қағидаттарды белгілеу, Қазақстанның халықаралық озық тәжірибеге сәйкестігі, ҚР заңнамасымен үйлесімділік, апат кезінде іс-қимылдарды жоспарлау және іс-қимыл жасау деңгейін белгілеу; экологиялық пайданың жиынтық сомасы қаншалықты, климаттық жағдайларға байланысты іс-қимыл жасау, халықаралық жаңа  технологиялар (химиялық жинағыштар)  және Қазақстандағы мұнайдың апатты төгілуіне дайын болу және іс-қимыл жасау істерін ұлттық жоспарлау мәселелері басты тақырып болды.

Спикерлер:

Хасенов Асхат Ғалымұлы, ҚР Энергетика министрлігі мұнай-газ химиясы өндірісін дамыту және  техникалық реттеу департаментінің  директоры.

Құлекеев Жақсыбек Абдрахметұлы, ҚМГ барлау және бұрғылау технологиялары ҒЗИ Бас директорының кеңесшісі

Питер Тэйлор, OSPRI менеджері

Стивен Слип, Өңірлік өкіл, МАТЖ жөніндегі аға  маман, OSR Ltd   тренері

Ғани Жарикесов,  НКОК дағдарыс жағдайларын басқару жөніндегі менеджері

Семинар барысында сарапшылар Қазақстанның іс-қимыл жасауға даярлықтың көп сатылы деңгейін, тәуекелдерді бағалауды, құралдардың болуын – мұнайдың төгілуімен күресу әдістерін (механикалық жинау, химиялық ұсақтау, мұнай дақтарын бақылап өртеу) қамтитын апатты жағдайлармен күресудің халықаралық мойындалған әдістерін қолдану  мүмкіндігі қаралды.  Әртүрлі әдісті пайдалану мүмкіндігін қамтамасыз ету үшін нормативтік-құқықтық базаны сәйкестендіру. Мемлекеттік органдардың өкілеттілігін нақты бөлу де талап етіледі.

Қазіргі уақытта 1990 ж. Мұнаймен ластандыру жағдайында дайындықты қамтамасыз ету, онымен күресу және ынтымақтастық бойынша халықаралық конвенциясына уәкілетті органдармен келісім жасалуда. Каспий теңізін қорғау жөніндегі шекті конвенцияға Мұнаймен ластандыру оқиғасында өңірлік дайындық, іс-қимыл жасау және ынтымақтастық туралы Ақтау хаттамасына 2011 жылы қол қойылды және бекітілу сатысында. Каспий теңізін  төтенше жағдайда мұнаймен ластандырудан қорғау  бойынша ынтымақтастықтың өңірлік жоспары Ақтау хаттамасы күшіне енген соң қолданылады.  

Social commentary Cackle
Баспаға жіберу