Кәсіптік-техникалық кадрларды даярлау жөніндегі ұлттық кеңес кеше ҚР Премьер-Министрінің Орынбасары Д.Н.Назарбаеваның төрағалық етуімен отырыс өткізді.

размер шрифта: Aa | Aa
30.11.2015 09:38

Отырыс барысында экономика салалары үшін техникалық және кәсіптік, жоғары білім беру жүйесінде кадрлар даярлаудың сапасы және перспективасы бойынша 2014 жылғы Парламенттік тыңдаудағы ұсынымдардың орындалуы, ҚР білімді және ғылымды дамытудың  2016-2019 жылдарға арналған бағдарламасы туралы  А.Б.Сәрінжіповтың; «Экономика салаларындағы кадрларға деген қажеттілікті бағалау» тақырыбындағы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму вице-министрі С.К.Жакупованың баяндамалары тыңдалды.  Өңірлер бөлігінде парламенттік тыңдаудағы ұсынымдар аясында Қызылорда облысында ТжКБ-ны дамытудың инновациялық әдістемелрін енгізу туралы Қызылорда облысы әкімінің орынбасары Р. Кенжеханұлы әңгімеледі, ал Қостанай облысының әкімі өңірлердегі кадрларға деген қажеттілікті анықтау БҒДМБ көрсеткіштерін іске асыру механизмі тақырыбында сөз сөйледі.

Басқа қатысушылар:

Н.Әлтаев,  «Атамекен» ҰКП Төрағасының Орынбасары

Э.Сәдуақасова, «Кәсіпқор» Холдингі» КАҚ Басқармасының Төрағасы

С.Әбденов, «ҚазМұнайГаз» ҰК» АҚ адами ресурстарды басқару және еңбекақы төлеу жөніндегі бсқарушы директоры

ТүМ.Тайтөлеев, Алматы мемлекеттік энергетика және  электрондық технологиялар колледжінің директоры.

Отырыс барысында ҚР ҒБМ мүдделі меморгандармен бірлесіп салалық кеңестердің кәсіптік-техникалық кадрлар даярлау бойынша жұмыстарын жандандыру, кәсіптік стандарттар негізінде кіріктірілген модульдік білім беру бағдарламаларын әзірлеуді жандандыру тапсырылды. Колледждердің материалдық-техникалық базасын дамыту, нығайту және жаңғырту шараларын қарастыру. ҰКП-ға меморгандармен бірлесіп салалық қауымдастықтар базасында ТжКБ ұйымдарын бітірушілердің біліктілігін сертификаттаудың тәуелсіз орталықтарын құру бойынша ұсыныс енгізу ұсынылды.  Астана және Алматы қалаларының әкімдеріне  жұмыс берушілерді кадрлар даярлауға тарту бойынша жұмысты жандандыру қажет. Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрлігіне меморгандармен бірлесіп мектеп оқушылары мен олардың ата-аналарын  өңірдің, өнеркәсіптің жекелеген салаларының кадрларға деген келешектегі қажеттілігі туралы ақпараттандыру арқылы кәсіби бағдар беру көмегімен қамтамасыз ету тапсырылды.  

PDFБаспаға жіберуE-mail
 

Комментарий жазу


Қауіпсіздік  коды
Жаңарту