Жер қойнауын пайдаланудың экологиялық мәселелері

размер шрифта: Aa | Aa
30.11.2015 18:00
20151127_103140

27-қарашада  KAZENERGY қауымдастығында "ҚазМұнайГаз" ҰК АҚ Еңбек және қоршаған ортаны қорғау жөніндегі басқарушы директоры  Винсент Спинеллидің төрағалық етуімен экология, әлеуметтік жауаптылық және ашықтық мәселелері жөніндегі үйлестіру кеңесінің мәжілісі өтті. Экологиялық заңнаманы өзгерту, Өндіруші саланың ашықтығы бастамасын іске асыру (ӨСАБ) және парник газдардың шығарындыларын реттеу жүйесінің жұмыс істеуі мәселелері талқыланды.  Бүгінде  «Кейбір заңнама актілеріне экология мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы»  Заң жобасы ҚР мәжілісінде қаралуда. Бұл құжатта ілеспе газды өңдеуді дамыту бағдарламасына экологиялық органдармен келісім жасауды және газды өртеу «сценарийінің» ауытқулары үшін  жауаптылықты алып тастау, сондай-ақ газды  техникалық  амалсыз өртеу оқиғаларын ұлғайту  көзделген.  Экологияға келтірілген зиян үшін жауаптылыққа қатысты салықтық мөлшерлеме  бөлігінде  нормативтен тыс эмиссия үшін мөлшерлемені 10 есеге ұлғайту және мөлшерлемені  мәслихаттың  20 еселік ұлғайтуы алып тасталды, сонымен бірге мемлекеттік органдар газды факелде өртеу бойынша базалық мөлшерлемені  20 есеге ұлғайтты. Бұдан әрі  ЭЫДҰ елдерінің тәжірбесімен ақы мөлшерлемесінің көлемін және ластандырушы заттардың тізімін өзгерту  бойынша жұмыстар жүргізіледі. Оған қоса, Қоршаған ортаны ластандырудан болатын шығынды экономикалық бағалау қағидасына өзгерістер енгізілді: негізделмеген арттырушы коэффициенттерді алып тастау, шығарындылар бойынша бірыңғай формула енгізу (стационарлық көздер/факелдер), экологиялық шығынды ҚР Салық кодексінің мөлшерлемесіне байланыстыру.

ИПДО  мәселелері бойынша - KAZENERGY  қауымдастығының Бас директоры Әсет  Мағауовтың айтуынша, валидация қорытындысы бойынша өткен жылы, тәуелсіз аудиторлардың бағасына сай Қазақстанда өндіруші саланың ашықтығы бастамасының барлық стандарттары сақталған.  Қазақстан – 2014 жылы  ИПДО  қағидаттарына сай есептілік жариялаған алғашқы ел. Осылайша, еліміз бастамаға қатысушы елдер арасында алдыңғы орындардың бірін  иеленіп отыр. Бүгінгі күні ИПДО-ға  Канада мен Норвегия сияқты ірі елдер қосылды. ИПДО туралы толығырақ    https://eiti.org/ru/Kazakhstan сайтында.

Мәжілісте көмірқышқылды (парник) газ (СО2) (шығарындыларын) эмиссиясын  азайтуды реттеу жүйесінің жетіспеушіліктері қаралды. Қатысушылар қазіргі уақытта  қолданылып отырған  кәсіпорындарға парник газдардың шығарындыларына квота беру механизмдерін талқылады. Зиянды заттардың шығарындыларын азайту бойынша  талаптар қойылмайтын ТКШ, көлік сияқты экономиканың реттелмейтін секторы СО2 шығарындыларының  жалпы ауқымы бойынша қомақты бөлікті  құрайтыны атап көрсетілді. Бүгінгі күні KAZENERGY қауымдастығы, ҚР  «Атамекен» ҰКП Энергетика министрлігімен және басқа да салалық бірлестіктермен бірлесіп қолданыстағы заңнамаға парник газдардың шығарындыларын реттеу жүйесін жетілдіру бойынша өзгерістер енгізуді  қамтитын шаралар кешенін қарастырып жатыр.   

Баспасөз қызметі  79 01 81

PDFБаспаға жіберуE-mail
 

Комментарий жазу


Қауіпсіздік  коды
Жаңарту