ЭЫДҰ өкілдері жер қойнауын пайдаланушыларға салық салу және KAZENERGY қауымдастығының қызметі шеңберінде адами капиталды дамыту мәселелерін талқылау үшін кездесу өткізді

размер шрифта: Aa | Aa
03.12.2015 11:38
IMG_3697

ЭЫДҰ Еуразия елдерінің бәсекеге қабілеттілігін арттыру жөніндегі бағдарламасының үйлестірушілері  Қазақстандағы жер қойнауын пайдаланушыларға салық салу ерекшеліктерімен таныстыруды  өтінді. Кездесу барысында Қаржы-экономикалық талдау департаментінің директоры Нұрлан Жанекенов  осы саладағы қазіргі қалыптасқан жағдай туралы толық әңгімелеп берді.

2009 жылдан бастап Қазақстанда ПҚӨС, Экспорттық ренталық салық, үстеме табыс салығы, Корпоративтік табыс салықтарын қамтитын жер қойнауын пайдаланушыларға салық салу жөнінде бөлек тарауды қамтитын  Салық кодексі қолданылады. Сонымен қатар, экспортқа кедендік әкетілім бажы қолданылады. Жалпы алғанда,  қазіргі уақытта мұнайдың нақты өндірілген және экспортталатын ауқымына салық салуға баса назар аударылады. Мұнай бағасы төмендеп тұрған кезде, жер қойнауын пайдаланушыларға салынатын салық жүктемесін азайту қажет.  Қауымдастық, осыларға сәйкес,  үкіметке жер қойнауын пайдаланушыларға салық салуды реформалау бойынша 9 ұсыныс енгізді.  Қазір олар талқыланып жатыр. Өз кезегінде  KAZENERGY адами капиталды дамыту жөніндегі департаментінің директоры Ляззат Ахмурзина адами ресурстарды дамыту мәселелерімен  және  осыған қатысты Үйлестіру кеңесінің атқарып жатқан жұмыстарымен таныстырды. Осылайша, Қауымдастық жаңа еңбек кодексін, Кәсіптер топтастырғышын әзірлеуге қатысты, мұнай-газ саласындағы кадрларды кәсіби даярлау жүйесіне, қос білім беруге көңіл бөлінуде, «Мұнай-газ саласындағы әйелдер» ақпараттық-аналитикалық шолуы» және басқа  зерттеу жұмыстарын іске асыруға   даярлық жұмыстары жүргізіліп жатыр.  

ЭЫДҰ тарабынан кездесуге төмендегілер қатысты:

Арнольт Прете, талдаушы, ЭЫДҰ Еуразия елдерінің бәсекеге қабілеттілігін арттыру жөніндегі бағдарламасының үйлестірушісі, Халықаралық қатынастар хатшылығы

Анна Елисеева, Бағдарлама Үйлестірушісі

Азамат Естаев, Бағдарламаның Өңірлік кеңесшісі

Анықтама

Экономи́калық ынтымақтастық және даму ұйымы (ЭЫДҰ)

ЭЫДҰ делегациясы Қазақстанға «ЭЫДҰ Еуразия елдерінің бәсекеге қабілеттілігін арттыру жөніндегі бағдарламасы»  шеңберінде  «Қазақстандағы жер қойнауын пайдалану саласының бәсекеге қабілеттілігін арттыру»  тақырыбында баяндама даярлау мақсатында келді. ЭЫДҰ осыған дейін мұндай баяндамаларды әртүрлі дамушы  және дамыған елдер үшін  даярлаған болатын, қазірде ЭЫДҰ Қазақстан Республикасы Үкіметінің сұранысы бойынша осы аналитикалық баяндаманы әзірлеп жатыр.    

ЭЫДҰ «Қазақстандағы жер қойнауын пайдалану саласының бәсекеге қабілеттілігін арттыру»  жобасы елдегі жер қойнауын пайдалану саласының бәсекеге қабілеттілігін арттыруды  және тікелей шетелдік инвестицияларды тартуды жобалап отыр.  ҚР Үкіметімен, жекеше сектормен  және сарапшылармен  тікелей әрекеттестік жасау заңның ұлықтылығы, геологиялық барлау жұмыстарына инвестиция тарту, жергілікті жеткізушілермен кластер құру және тереңнен өңдеуді дамыту қағидаттарын қамтамасыз етуге күш  сала отырып, мемлекеттік саясаттың маңызды бағыттары бойынша жұмыс жүргізуге мүмкіндік береді. 

PDFБаспаға жіберуE-mail
 

Комментарий жазу


Қауіпсіздік  коды
Жаңарту