А. Сәтқалиевтың төрағалық етуімен өткен KAZENERGY Энергетика саласын дамыту жөніндегі үйлестіру кеңесінің биылғы жылғы соңғы мәжілісі аяқталды

размер шрифта: Aa | Aa
07.12.2015 14:35
IMG_3767

ҮК мүшелері KAZENERGY  Энергетика саласын дамыту жөніндегі  үйлестіру кеңесінің  істелген жұмыстарының нәтижесін  және 2016 жылға арналған  жоспарын талқылады.

Биыл «ҚР кейбір заңнамалық актілеріне электр энергетикасы мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу  туралы» ҚР Заң жобасы талқыланды, саладағы тариф белгілеу тармақтары қаралды. Бәсекелес баға белгіленетін нарық моделі ұсынылды, нарықтың тиімдірек жұмыс істеу формасы бойынша талқылаулар жүргізілді, қабылданған түзетулерге сәйкес электр энергиясы және қуаттылық нарығының жұмыс істеу мониторингі бойынша коммерциялық ұйым құрылатын болды. Үйлестіру кеңесінің алаңында саланың жүйелік мәселелерін шешуге арналған ҚР ЖЭК 2030 жылға дейінгі Даму тұжырымдамасына сай ұлттық оператордың негізгі жұмыс істеу қағидаттары талқыланды. ЭЖАУ  электр энергетика факультеті деканының орынбасары  А.А.Саухимов  электр желілерін интеллектуалдандыру стратегиясын іске асыру туралы баяндама  жасады. Оның мәні – сенімділік, үнемділік және қауіпсіздік  критерийлеріне сай алгоритмдер базасында активті және реактивті қуаттылық ағындарын таратуды тиімді басқару. American  Electric Power  тәжірибесін «Атырау-Жарық» АҚ енгізуі негізінде мысал келтірілді. Қазақстанның әзірленіп жатқан ҒЭЖ  режимдерін бейімдеп басқару жүйесі транспорттық электр желілерінің өткізу қабілетін барынша пайдалана отырып  тұрақтылықты сақтау  және нақты уақытта басқару әсерін  жасау бойынша  талаптарға сай болады. Осы стратегия  қазіргі смарт-технологиялар мен нақты уақыт режимінде электр желілерін басқару бойынша  инновациялар енгізу талаптарына сәйкес келеді және мәжіліс қатысушыларына қолдау көрсетеді.   

PDFБаспаға жіберуE-mail
 

Комментарий жазу


Қауіпсіздік  коды
Жаңарту