Жер қойнауын пайдаланушылардың уайымы не?

размер шрифта: Aa | Aa
07.12.2015 16:41

Мұнай-газ компаниялары қазіргі баға жағдаятында салық мөлшерлемесін, сол сияқты жер қойнауын пайдаланушыларға қысым жасайтын салық заңнамасының жекелеген қағидаларын қоса алғанда, салық жүктемесін оңтайландыру қажет екенін атап көрсетті.  Атап айтқанда, мұнай мен қара түсті мұнай өнімдеріне салынатын экспорттық кедендік баж салығының мөлшерлемесінің жеткіліксіз азайтылуы, отандық және шетелдік мұнай өнімдерінің акциздерінің айырмасын жою қажеттігі, өнімді өз құнынан төмен бағамен өткізгенде салық салынуы мәселелері. 2-желтоқсанда KAZENERGY қауымдастығы Мұнай-газ саласын дамыту жөніндегі үйлестіру кеңесі және «Атамекен» ҚР ҰКП Президиумы Мұнай-газ өндірісі комитетінің мәжілісінде осы мәселелер көтерілді. Мәжіліске  «ҚазМұнайГаз» ҰК» АҚ Басқармасының Төрағасы Сауат Мыңбаев төрағалық етті,  оған ҚР Ұлттық экономика министрлігі, ҚР Энергетика министрлігі, «Атамекен» ҚР ҰКП, жер қойнауын пайдаланушы компаниялардың және басқаларының өкілдері қатысты.

Сондай-ақ, кездесуде жер қойнауын пайдаланушылардың рентабельдігі төмен кен орындары үшін ПҚӨС төмендетілген мөлшерлемесін қолдану туралы  өтініштерін  жеделдетіп қарау қажеттігі айтылды.

Оған қоса, экологиялық заңнама өзгерістері, ЖМҚ мен мұнай базаларында мұнай өнімдерін есепке алатын бақылау құралдарын енгізу талқыланды.  Магистралдық құбырлардың бірыңғай операторын құру мәселесі қаралды, жер қойнауын пайдаланушы компаниялар  жеткізілімдердің сенімділігі мен қауіпсіздігі өздері үшін басымдық болып табылатынын  және  дәл қазіргі уақытта «Қазтрансойл»  АҚ осы мәселелерді шешуді қамтамасыз етіп отырғанын атап көрсетті.

Мәжілісте  KAZENERGY  қауымдастығы «Жер қойнауы туралы» кодексін әзірлеуге бағытталған мақсатты жобаларды іске асыру, Қазақстан Республикасының «Салық кодексіне» және «Трансферттік баға белгілеу туралы» заңға  өзгерістер мен толықтырулар енгізу, техникалық реттеу саласындағы қызметтерге қатысты БҚАЖ құру бойынша зерттеулер жүргізу бойынша есеп  берді.

Баспасөз қызметі  79 01 81

PDFБаспаға жіберуE-mail
 

Комментарий жазу


Қауіпсіздік  коды
Жаңарту