Кеше Тимур Құлыбаевтың төрағалық етуімен KAZENERGY қауымдастығы кеңесінің 19-мәжілісі өтті.

размер шрифта: Aa | Aa
10.12.2015 12:27

Кеңеске қатысушылар  Атқарушы комитеттің 2015 жылы атқарған жұмыстары туралы есебін  тыңдады. Жылдық жұмыс жоспары, қауымдастықтың мақсатты жобаларының тізімі және 2016 жылғы бюджет  бекітілді.

Биыл қауымдастық жер қойнауын пайдалану шарттарын, салалық компаниялардың салық жүктемесін азайту, экология және электр энергетикасы саласындағы заңдарды жетілдіру мәселелерін қарастырды. Сондай-ақ, мұнай-газ және энергетика саласының адами капиталды дамыту саласындағы жобалар іске асырылды, олар: білім беру жобалары, қосарлы оқыту жүйесі және басқасы.

Оған қоса, мәжілісте магистралдық құбырлардың бірыңғай операторын құру және Қазақстан Республикасын газдандыру бағдарламасын іске асыру мәселелері көтерілді.  Жер қойнауын пайдаланушы компаниялар мұнай тасымалдауда жеткізілімдердің сенімділігі мен қауіпсіздігі ең басты басымдық  болып табылатынын атап көрсетті.  Қазіргі уақытта, «Қазтрансойл» АҚ осы талаптарды толық қанағаттандырып отыр.  Сондай-ақ, магистралдық мұнай мен газ  құбырлары нысандарының негізгі жабдықтары құрамы және қолданылу қағидаты жағынан мүлдем  өзгеше. Қызмет жасау шығындары талап етілетін нормативтерге сәйкес жүргізілуі маңызды, осыған сәйкес, бірыңғай оператор құрған кезде шығындарды азайтуға  синергетикалық әсер ету мүмкін емес.

Республиканың ішкі сұраныстарын қамтамасыз ету үшін тауарлық газды сатып алу рәсімі де бірталай сұрақтар туғызып отыр. Қазіргі уақытта ұлттық  оператор ішкі нарықта өткізу үшін және экспортқа сату үшін мемлекет тарабынан ұсынылған басым құқық шеңберінде  жер қойнауын пайдаланушылардан газдың толық ауқымын сатып алып жатыр. Осы орайда, ішкі нарық сұранысы тауарлық және шикі газ өндірісінен  артық.  Алайда, ұлттық оператордың жер қойнауын пайдаланушылардан газ сатып алу бағасы төмен және олар газдың артық ауқымын өз бетінше экспорттай алмайды. Осыған байланысты, ішкі нарық сұранысы үшін  сатып алынатын газ ауқымын әрбір жер қойнауын пайдаланушы компания бойынша  бөлу, сонымен қатар, нарық жағдаятындағы өзгерістерді ескере отырып баға белгілеуді  қалыптастыру ұсынысымен  Қазақстан Республикасының Энергетика министрлігіне мәлімдеме жасау ұсынылды.   

Баспасөз қызметі  79 01 81

PDFБаспаға жіберуE-mail
 

Комментарий жазу


Қауіпсіздік  коды
Жаңарту