Бүгін KAZENERGY қауымдастығы жанындағы Заңнама бойынша сарапшылық кеңестің Халықаралық мұнай-газ келіссөздері бойынша мамандардың қауымдастығымен бірлескен кеңейтілген мәжілісі өтті

размер шрифта: Aa | Aa
11.12.2015 16:23
IMG-20151211-WA0003

Күн тәртібінде өзекті де маңызды тармақтар болды, атап айтқанда, экологиялық заңнаманы жетілдіру бойынша жұмыс жоспары мен жұмыс нәтижелері,  ілеспе газды жағуға берілген рұқсатнамалардың қолданылу мерзімін ұлғайту мүмкіндігі  сөз болды.  Геологиялық жұмыстарды жүргізу сатысында жұмсалған шығындарды блоктар бойынша жасалған барлау келісімшарты бойынша шығындарға жатқызу мәселесі де қаралды. 

KAZENERGY атқарушы директоры Заңғар  Ноғайбай қауымдастықтың құқықтық, қаржы-экономикалық блогының  жұмыс  қорытындысын  және «Жер қойнауы және жер қойнауын пайдалану туралы» ҚР Кодексі жобасын әзірлеу бойынша жұмыс жоспарын мәлімдеді. Өз кезегінде, KAZENERGY  қаржы-экономикалық талдау департаментінің директоры Нұрлан Жанекенов  салық заңдарын жетілдіру бойынша қызметтердің нәтижелері және 2016 ж. жоспар туралы әңгімелеп берді. Қазақстанның ДСҰ-ға кіруі тақырыбы да қатысушылардың назарына ілікті,  олар  мұндай беделді ұйымға мүшелік етудің ерекшелігін, оның жер қойнауын пайдалану саласына әсері мен салдарларын  талқылады.  Мәжіліс барысында АҚШ-та 1981 жылы негізі қаланған Халықаралық мұнай-газ келіссөздері бойынша мамандардың қауымдастығы  (ХМГКМ, AIPN) туралы ақпарат ұсынылды. Сарапшылық кеңестің мүшелерінің кездесуі “KAZENERGY” медалімен наградтау рәсімімен аяқталды. Медальдар «ҚазақТүрікМұнай»  ЖШС бас директорының кеңесшісі Николай Баевқа  және «ҚазТрансОйл» АҚ  құқықтық қамтамасыз ету жөніндегі басқарушы директоры, Басқарма  мүшесі Жайдарман Исақовқа берілді.

PDFБаспаға жіберуE-mail
 

Комментарий жазу


Қауіпсіздік  коды
Жаңарту