Мемлекеттік наградалар

размер шрифта: Aa | Aa
17.12.2015 00:00
MEIR6733

Қазақстанның Тәуелсіздік Күні қарсаңында  Қазақстан Республикасы Ұлттық кәсіпкерлер палатасы Президиумының Төрағасы, KAZENERGY  Қазақстан мұнай-газ және  энергетика кешені ұйымдары қауымдастығының Төрағасы Тимур Құлыбаев мемлекеттік наградтау салтанатын өткізді  

Қазақстан Республикасының  Президенті  Назарбаев Нұрсұлтан Әбішұлының  2015 жылғы 3-желтоқсандағы № 124 Жарлығымен мемлекеттік және қоғамдық қызметтері үшін, елдің әлеуметтік-экономикалық және мәдени дамуына, халықтар арасындағы достық пен ынтымақтастықты нығайтуға   зор үлес қосқаны үшін «Парасат» орденімен төмендегі тұлғалар наградталды:

- Жамболат Сәрсенов, KAZENERGY қауымдастығы Төрағасының орынбасары;

- Данияр Абылғазин,  KAZENERGY қауымдастығы Төрағасының кеңесшісі, ҰКП президиумы мұнай-газ өндірісі комитетінің төрағасы;

- Юрий Лавриненко, «KAZLOGISTICS» Қазақстан транспортшылар одағы президиумы Төрағасының орынбасары.

Экономика, әлеуметтік сала, ғылым және мәдениет, білім беру саласына еңбек сіңіргені үшін, мемлекеттік  органдарда үлгілі қызмет еткені және қоғамдық қызметтерді белсене атқарғаны үшін «Құрмет» орденімен  төмендегі тұлғалар наградталады:

- Орақ Кұдайберді, "ҚазақТүрікМұнай" БК ЖШС Бас директоры;

- Рзабек Артығалиев, "Теңізшевройл ЖШС үкіметпен және қоғамдастықпен  байланыс жасау жөніндегі бөлімнің басшы менеджері;

- Ғалымжан Амантұрлин, 4-ші МӨЗ жобасы бойынша департаменттің директоры, «ҚазМұнайГаз – өңдеу және маркетинг» АҚ бас директорының кеңесшісі

«Ерен еңбегi үшiн» медалі «Алматы  вентилятор зауыты» ЖШС Директорлар кеңесінің төрағасы Марат Баққұловқа берілді.

Қазақстан Республикасының Құрмет грамотасы  «Та-Мак» ЖШС  (Жамбыл облысы) директоры Гүлмира Конкашеваға берілді.

«Атамекен» ҚР ҰКП  «Өз ісіне адалдығы үшін 1-дәрежелі» медалімен   экономиканы және жеке кәсіпкерлікті дамытуға жеке үлес қосқаны үшін «Атамекен» ҚР ҰКП  тау-кен және металлургия өндірісі комитетінің Төрағасы Николай Радостовец наградталды. Сондай-ақ, 60 жылдық мерейтойына орай Николай  Владимировичке Т.Құлыбаевтың қолы қойылған құттықтау адресі табысталды.

 «Атамекен» ҚР ҰКП «Өз ісіне адалдығы үшін 3-дәрежелі» медалімен  төмендегі тұлғалар наградталды:

-       Нұрлан Құдайбергенов, ҚР ҰКП Тексеру комиссиясының төрағасы;

-       Елдос Рамазанов, «Атамекен» ҚР ҰКП аппаратының басшысы;

-       Нұрлан Сакуов, «Атамекен» ҚР ҰКП Өңдеу өндірісі комитеті хатшылығының хатшысы;

-       Нұргүл Жанарбаева,  «Атамекен» ҚР ҰКП кедендік әкімшілік  ету департаментінің 1-санатты сарапшысы;

-       Данияр Әкежанов, «Атамекен» ҚР ҰКП персоналды басқару департаментінің 1-санатты сарапшысы.

KAZENERGY қауымдастығының 10 жылдығына орай, Қазақстан Республикасы мұнай-газ және энергетика кешенін дамытуға сіңірген еңбегі және кәсіпқойлығы үшін, сонымен қатар қауымдастықпен белсене қызмет атқарғаны үшін Мерейтойлық медальмен мына тұлғалар наградталды:

- Сауат Мыңбаев, «ҚазМұнайГаз» ҰК АҚ Басқармасының төрағасы;

- Қуандық Құлмұрзин, ҚР Энергетика министрлігі мұнай-газ өндірісі департаментінің директоры;

- Махамбет Батырбаев, ҚР еңбек сіңірген мұнайшысы;

- Гүлдана Мусалим, KAZENERGY қауымдастығы төрағасының кеңесшісі, KAZENERGY қауымдастық кеңесінің және наградалар комитетінің хатшысы;

- Рамазан Жампейісов, KAZENERGY қауымдастығының атқарушы директоры;

- Тоғжан Қожалиева, KAZENERGY қауымдастығының атқарушы директоры, KAZENERGY ҚҚ Президентінің м.а.;

- Ляззат Ахмұрзина, директор KAZENERGY қауымдастығы адами капиталды дамыту жөніндегі департаментінің директоры, KAZENERGY ҚҚ атқарушы директоры;

- Дәмелі  Бакиева, KAZENERGY қауымдастығы Төрағасы орынбасарының кеңесшісі;

- Маржан Еркишева, KAZENERGY қауымдастығының бас есепшісі;

- Талғат Ибрагимов, KAZENERGY қауымдастығының  аға  заңгері.

Наградаларыңыз құтты болсын, ортақ істе табыстан табысқа жете берулеріңізге тілектеспіз!

PDFБаспаға жіберуE-mail
 

Комментарий жазу


Қауіпсіздік  коды
Жаңарту