«KAZENERGY» қауымдастығының мүшелері КИМЭП студенттеріне білім гранттарының сертификаттарын табыс етті

размер шрифта: Aa | Aa
21.01.2016 00:00
_

20-қаңтарда Алматы қ.  КИМЭП университетінде  2015-2016  академиялық оқу жылына Норт Каспиан Оперейтинг Компани Н.В. (НКОК Н.В.) қаражаты есебінен  ақы төлеуге арналған байқаудан   өткен 40 студентті наградтау салтанаты өтті.

Осы шара шеңберінде «KAZENERGY» қауымдастығы, «PSA» ЖШС (Солтүстік-Каспий  және Қарашығанақ жобаларындағы өкілетті орган), НКОК  өкілдері озат студенттерді  жалпы сомасы 60 миллион теңгеден астам білім грантының атаулы сертификаттарымен наградтады.

Аталған  жоба шеңберінде 2015 жылғы қыркүйекте ҚР Энергетика министрлігі, «PSA» ЖШС, «KAZENERGY» қауымдастығы, «Норт Каспиан Оперейтинг Компани Н.В.» (НКОК Н.В.) және «Қарашығанақ Петролиум Оперейтинг Б.В.» (КПО Б.В.) арасында Меморандумға қол қойылғанын естеріңізге саламыз.

Жобаның мақсаты – Қазақстан Республикасының  мұнай-газ және энергетика мамандықтары бойынша күндізгі бөлімде оқитын талантты студенттеріне қолдау көрсету, сонымен қатар, Солтүстік-Каспий  және Қарашығанақ жобалары шеңберінде ҚР азаматтарының біліктілігін арттыру, оларды даярлау және қайта даярлау.

Соңғы кезеңде осы мәселемен «KAZENERGY» қауымдастығында  600 өтініш қаралды. Оқуға ақы төлеуге үміткерлерді іріктеу комиссиясының шешімі бойынша 320 студент   2015-2016  академиялық оқу жылында  ЖОО және колледждерде НКОК Н.В.  және ПО Б.В.  қаражаты есебінен  білім алуға мүмкіндік алды.  Студенттерді іріктеудегі негізгі критерий -    олардың академиялық үлгерімінің жоғары көрсеткіші болды.

Баспасөз қызметі

+7 (7172)79 01 81;

+7 701 999 87 12

Бұл e-mail спам-боттардан қорғалған, оны көру үшін сізде Javascript қосулы болу керек

PDFБаспаға жіберуE-mail
 

Комментарий жазу


Қауіпсіздік  коды
Жаңарту