Инвестициялар және даму министрлігінде (ИДМ) ИДМ Индустриалдық даму және өндірістік қауіпсіздік комитеті төрағасының орынбасары Т.Нұрашевтің төрағалық етуімен мәжіліс өтті, онда "Офсеттік келісімдер туралы» Заң жобасы талқыланды.

размер шрифта: Aa | Aa
22.01.2016 00:00

Мәжіліс жұмысына ИДМ, KAZENERGY қауымдастығы (Абылқасым Е.), «Атамекен»  ҚР Ұлттық кәсіпкерлер палатасы (Больгерт Е., Сихаев М.), «Республикалық тау-кен өндіруші және тау-кен-металлургия кәсіпорындарының қауымдастығы» заңды тұлғалар бірлестігі  (АГМП), Еуразиялық өнеркәсіптік қауымдастық (Мамиконян Л.), NADLOC және басқ. өкілдері қатысты.

Қазақстанда офсеттік саясатты енгізудің негізгі идеясы Қазақстан Республикасының аумағында жоғары технологиялық және ғылымды қажетсінетін  өндірісті құру үшін шетелдік инвестицияларды тартудың орнына бейрезидент-жеткізушілерден   сатып алынатын  шетелдік жоғары технологиялық өнімдерді жеткізу болып табылады.

Заң жобасының жаңадан енгізілген ережелерінің  бірі ҚР аумағында өнім өндірмейтін бейрезидент-жеткізушілерден ТЖҚ (белгілі бір шектік мәні бар) сатып алу кезінде  жер қойнауын пайдаланушыларға офсеттік міндеттемелерді қолданбау  болып табылады.

ҰКП, KAZENERGY, Еуразиялық өнеркәсіптік қауымдастық  және  АГМП заң жобасын талқылауды аяқтаған соң,  жер қойнауын пайдаланушыларға офсеттік міндеттемелерді қолданбау бойынша бірыңғай ұстаным мәлімденді.   

Мәжіліс қорытындысында мынадай шешімдер қабылданды:

  1. Кейбір нормалардың алынып тасталуын ескере отырып,  жер қойнауын пайдаланушылардың міндеттемелері бойынша нормаларды қайта қарау.

(Мысалы: 1) стратегиялық кен орындары бойынша, 2) бір ғана бейрезидент-жеткізуші болған жағдайда).

  1. Заң жобасын әзірлеу бойынша жұмыс тобын құру.

Заң жобасы енгізілетін мерзім:  Әділет министрлігінде  – маусым, Үкіметте – шілде, Парламентте – қыркүйек. 

 

KAZENERGY қауымдастығы

Баспасөз қызметі

+7 (7172)79 01 81;

+7 701 999 87 12

Бұл e-mail спам-боттардан қорғалған, оны көру үшін сізде Javascript қосулы болу керек

PDFБаспаға жіберуE-mail
 

Комментарий жазу


Қауіпсіздік  коды
Жаңарту