Мағауов Әсет Маратұлы Қазақстан Республикасының Энергетика Вице-министрі болып тағайындалды

размер шрифта: Aa | Aa
29.01.2016 13:00

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2016 жылғы 28-қаңтардағы Премьер-Министр К.Қ.Мәсімовтың қолы қойылған № 37 қаулысымен Мағауов Әсет Маратұлы ҚР Энергетика Вице-министрі болып тағайындалды.  

БИОГРАФИЯЛЫҚ АНЫҚТАМА

Ә.М.Мағауов Москва қ. Губкин ат. Мемлекеттік Мұнай және Газ институтының (ГАНГ)  экоеномика факультетін бітірген. 

Ә. Мағауов  әр жылдары «Теңізмұнайгаз» АҚ жоспарлау-экономика бөлімінің экономисі, жоспарлау-экономика бөлімінің  екінші санатты экономисі, жоспарлау-экономика бөлімі директорының орынбасары,  ҚР Энергетика, индустрия және сауда министрлігінің экономикалық талдау және мониторинг департаментінің басқарма бастығы, экономикалық талдау және инвестициялық саясат департаменті басқарма бастығының орынбасары, салық және  тарфитік саясат департаменті директорының орынбасары, мемлекеттік активтерді басқару департаменті директорының орынбасары, «Қазақойл» ҰМК ЖАҚ Теңіз жобасы департаментінің қаржы-экономикалық мәселелері жөніндегі бас менеджері, «Мұнай және газ тасымалдау» ҰК» ЖАҚ сервистік жобалар департаменті директорының орынбасары, ТШО-дағы үлестерді басқару жөніндегі департаменті директорының орынбасары, «ҚазМұнайГаз» ҰК» ЖАҚ ТШО-дағы үлестерді басқару жөніндегі департаменті директорының орынбасары, «Теңізшевройл» ЖШС Бас директорының орынбасары, «ҚазМұнайГаз» ҰК БК үлестерді басқару жөніндегі басқарушы директоры қызметтерін атқарды. 2008 жылғы желтоқсаннан бастап – ҚР Энергетика және минералдық ресурстар вице-министрі.  2010-2011 жж.  ҚР Мұнай және газ вице-министрі қызметін атқарды. 2011-2012жж. – "Маңғыстаумұнайгаз" АҚ Бас директоры. 2012 жылғы қарашада «KAZENERGY» Қазақстан мұнай-газ және энергетика кешені ұйымдарының қауымдастығы» ЗТБ бас директоры болып тағайындалды.

 «KAZENERGY» қауымдастығының баспасөз қызметі

+7 (7172)79 01 81;

+7 701 999 87 12;

 

Бұл e-mail спам-боттардан қорғалған, оны көру үшін сізде Javascript қосулы болу керек

PDFБаспаға жіберуE-mail
 

Комментарий жазу


Қауіпсіздік  коды
Жаңарту