«KAZENERGY» қауымдастығы Сәтпаев ат. ҚБТУ және ҚАЗҰТУ 51 студентіне білім гранттарының сертификаттарын табыстады

размер шрифта: Aa | Aa
02.02.2016 11:38

IMG_6124

01 ақпанда  Алматы қ.  «KAZENERGY»  қауымдастығы  Сәтпаев ат. ҚБТУ және ҚАЗҰТУ 51 студентіне 2015-2016 жылғы академиялық оқу жылына оқу ақысын төлейтін сертификаттар тапсырды. 

2 кезеңдік байқау іріктеуінен өткен студенттер 2015-2016 жылғы академиялық оқу жылында  «KAZENERGY» қауымдастығына мүше компаниялар есебінен білім алу мүмкіндігін алды. Байқаудың кіріспе кезеңінде  «KAZENERGY»  қауымдастығында 600 өтініш қаралды, олардың ішінен Үміткерлерді іріктеу комиссиясы  ЖОО және колледждерде оқу ақысы  НКОК Н.В. және  КПО Б.В есебінен  төленетін  320 студентті айқындады. Студенттердің академиялық оқу үлгерімі студенттерді іріктеудің негізгі  өлшемдерінің бірі болды. 

Осы білім беру жобасы  2015 жылғы қыркүйекте қол қойылған Қазақстан Республикасының Энергетика министрлігі,  «PSA» ЖШС, «KAZENERGY» қауымдастығы, «Норт Каспиан Оперейтинг Компани Н.В.» (НКОК Н.В.)  және  «Қарашығанақ Петролиум Оперейтинг Б.В.» (КПО Б.В.) арасындағы меморандум шеңберінде  іске асырылып жатқанын естеріңізге саламыз.   

Жобаның мақсаты  - Солтүстік-Каспий және Қарашығанақ жобалары шеңберінде Қазақстан Республикасының мұнай-газ және энергетика мамандықтары бойынша күндізгі оқу бөлімінде білім алатын талантты студенттеріне қолдау көрсету, сонымен қатар ҚР азаматтарының кәсіби даярлығын жоғарылату, оларды даярлау және қайта даярлау болып табылады. 

Бұдан бұрын  биылғы жылдың  20-қаңтарында Алматы қ.  КИМЭП университетінде  2015-2016 жылғы академиялық оқу жылына Норт Каспиан Оперейтинг Компани Н.В. (НКОК Н.В.) есебінен оқу ақысын төлеу байқауынан өткен 40 студентке білім гранттарын тапсыру салтанаты өтті.

Жалпы, оқу орындарының студенттеріне қолдау  көрсету тәжірибесі 2014 жылдан бері жалғасып келеді, сол жылы алғаш рет  техникалық және кәсіби, жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі  бағдарламаларды  іске асыратын оқу орындарындағы студенттердің ішінен үміткерлер жинауға көмек көрсету жөніндегі  ынтымақтастық туралы меморандумға «KAZENERGY»  қауымдастығы және «СНПС-Ай-Дан-Мунай»  АҚ компаниясы 80 млн. теңге сомаға қол қойған болатын.  2014-2015 академиялық оқу жылында барлығы ЖОО және колледждердің 300 студенті  «Жер қойнауын пайдаланушылар есебінен оқу ақысын төлеуге үміткерлерді іріктеу ережесіне» сәйкес  білім алды.

Баспасөз қызметі

+7 (7172)79 01 81;

+7 701 999 87 12

Бұл e-mail спам-боттардан қорғалған, оны көру үшін сізде Javascript қосулы болу керек
PDFБаспаға жіберуE-mail
 

Комментарий жазу


Қауіпсіздік  коды
Жаңарту