«Челябинск құбыр жасау зауыты» ААҚ «KAZENERGY» қауымдастығы мүшелерінің құрамына кірді

размер шрифта: Aa | Aa
04.02.2016 18:09

2015  жылғы 25-желтоқсанда «Челябинск құбыр жасау зауыты»  ААҚ  «KAZENERGY» қауымдастығы мүшелерінің құрамына кіріп,  оның 84-мүшесі болды.

ЧҚЖЗ Ресейдің құбыр өнімін өндіретін ірі компаниясының  бірі болып табылады, оның нарықтағы жалпы үлесі 20 % құрайды  және  ол әлемдегі ең ірі құбыр компанияларының  алғашқы ондығына кіреді. Металлургиялық кешеннің өнеркәсіп тобына қара металлургия кәсіпорындары мен компаниялары,  металл-сауда филиалдары, магистралдық және сорап жабдықтарын өндіретін зауыттар, мұнай-сервис кәсіпорындары кіреді.   

Компанияның түсімі  $3,3 млрд-тан асады. ЧҚЖЗ  зауыттарында шамамен 25 000 адам еңбек етеді.

ЧҚЖЗ  қызметі  магистралдық және өндіріс ішіндегі құбыр траспортына арналған интеграцияланған шешімдер әзірлеу және жеткізу  есебінен  ресейлік және әлемдік отын-энергетика кешені компанияларының қажеттіліктерін кешенді түрде қанағаттандыруға бағытталған.

Кеден одағының  төмендегі жетекші мұнай компаниялары  компанияның клиенттері болып табылады: «Газпром» ААҚ, «Роснефть» ААҚ,  «Транснефть» ААҚ, «ҚазМұнайГаз» ҰК АҚ құрылымының кәсіпорындары.

Пісірілген  және жіксіз құбыр жасау  бойынша өндірістік қуаты күшті, қойма жүйесі дамыған ЧҚЖЗ Ресей және ТМД елдерінің құбыр нарығында  нәтижелі  әмбебап ойыншы   болып табылады.

 

Баспасөз қызметі

+7 (7172)79 01 81;

+7 701 999 87 12

Бұл e-mail спам-боттардан қорғалған, оны көру үшін сізде Javascript қосулы болу керек
PDFБаспаға жіберуE-mail
 

Комментарий жазу


Қауіпсіздік  коды
Жаңарту