«Қазақстан Республикасының 2016 жылғы Еңбек кодексі» семинары жөніндегі ақпарат

размер шрифта: Aa | Aa
11.02.2016 17:44
IMG_3992

2016 жылғы 8-9 ақпанда KAZENERGY қауымдастығында «Қазақстан Республикасының 2016 жылғы Еңбек кодексі» тақырыбында семинар өтті. Бұл шара қауымдастық мүшелерін ҚР еңбек заңдары саласында хабардар ету  мақсатында ұйымдастырылды. Семинарды  танымал бизнес-тренер, профессор Иссык Татьяна Владимировна жүргізді.

Екі күн ішінде елеулі өзгерістер, соның ішінде жұмыс берушілердің өкілеттілігін кеңейту бөлігінде өзгерістер енгізілген ҚР Еңбек кодексінің (бұдан әрі – Кодекс) жаңа редакциясы жан-жақты қаралды. Семнар тыңдаушылары осы өзгерістерге қатысты өзгешеліктер туралы хабардар етілді.

Сонымен қатар, еңбек шарттарын ресімдеу кезіндегі негізгі тәуекел аймақтары (жеке деректермен жұмыс істеу, еңбек шарттарында еңбекақыны дұрыс көрсету және еңбек даулары мен жанжалдарын туғызуы мүмкін басқа да өзгешеліктер),   Кодекстің басқа заңдармен  және Қазақстан Республикасының заңға қосымша актілерімен байланысы (Кодекстің ҚР басқа нормативтік актілерімен кейір сәйкессіздіктері атап көрсетілді) атап көрсетілді.  Бизнес-тренер өзекті тақырыптар бойынша бірқатар кейстер ұсынды және  қызметкерлер құрамымен жүргізілетін кадр жұмысын тиімді ұйымдастыру үшін практикалық ұсыныстар берді.

Семинар барысында  тренер мен тыңдаушылар,  сонымен қатар тыңдаушылардың өздері бір-бірімен  пікір алмасты. Бизнес-тренер семинар тақырыбы бойынша ақпаратты мұнай-газ саласын  ескере отырып ұсынды. Оған қоса, күнделікті қызмет барысында Кодекс баптарын дұрыс қолдануы үшін мамандардың баса  назар аударатын маңызды мәселелерін де  атап көрсетті.

Семинар қатысушылары бұдан әрі мұнай-газ және энергетика саласының қызметкерлеріне күнделікті қызмет барысында, сол сияқты салалық келісім жобаларымен және кәсіпорындардың ұжымдық шарттарымен  жұмыс істегенде көмегі тиетін семинардың практикалық тиімділігін атап өтті. 

PDFБаспаға жіберуE-mail
 

Комментарий жазу


Қауіпсіздік  коды
Жаңарту