Энергетиканың даму болжамдары жөніндегі IEA-IEF-OPEC VI Симпозиумы, Эр-Рияд (Сауд Арабиясы)

размер шрифта: Aa | Aa
19.02.2016 16:15

6th

16 ақпанда Эр-Риядта (Сауд Арабиясы) KAZENERGY қауымдастығының өкілдері қатысқан Энергетиканың даму болжамдары жөніндегі IEA-IEF-OPEC VI Симпозиумы өтті

Маңызды әрі ықпалды осы шараны Халықаралық энергетикалық форум (ХЭФ, IEF) Халықаралық энергетикалық агенттікпен (ХЭА, IEA)  және Мұнайды экспорттаушы елдердің ұйымымен (OPEC) бірлесіп жыл сайын   өткізеді. Симпозиум барысында  ХЭФ тапсырысымен Duke University Energy Initiative  ХЭА және OPEC деректеріне сай  әзірленген энергетиканың даму болжамдарының салыстырмалы талдауы бойынша есеп ұсынды.

Құжатта энергетиканың қысқа, орта және ұзақ мерзімді перспективалары сипатталған, сонымен қатар нарықтың сұранысы мен ұсынысына, тұрақтылығы мен өсуіне төмен бағаның әсері зерттелген. Олардың  басты өңірлік және секторалдық драйверлерін ескере отырып, уақытша үш шектеу арқылы сұйық отын түрлеріне деген  дүниежүзілік сұраныс пен ұсынысқа жан-жақты талдау беріледі; ХЭА және ОПЕК ұсынған үш ұзақ мерзімді сценарий арқылы 2040 жылға қарай  тұтынудың басты әлемдік жобалары салыстырылады.

Күн тәртібіне ХЭФ және Король Абдаллының  (KAPSARC) Мұнайды зерттеу орталығы өткізетін көшбасшылардың Дөңгелек үстелі  енгізілген. Мұнда компаниялардың, зерттеу институттарының және т.б. топ-менеджерлері шақырылады.  Дөңгелек үстелдің өткен екінші мәжілісінің тақырыбы - «Жаңа дәуір ме, әлде кезекті кезең бе? Ғаламдық  мұнай жеткізудің  2016 жылғы динамикасы мен перспективасы». Сарапшылық пікірталастар әлемдік мұнай нарығына әсер ететін басты факторларды талдауға және болуы мүмкін даму сценарийлерін талқылауға бағытталды.   

Симпозиумда, дәл сол уақытта   KAZENERGY Ұлттық энергетикалық баяндамасын талқылау өтіп жатты, оған делегаттар жоғары баға берді. Сонымен қатар, Сауд Арабиясы Корольдігіндегі ҚР Елшілігінің  қолдауымен КAZENERGY қауымдастығының Атқарушы директоры  Рамазан  Жампейісовтың ХЭФ  Бас хатшысы Альдо Флорес Кирогамен кездесуі болды. Тараптар Астанадағы ЭКСПО-2017  қолдау және «Болашақ Энергиясы» мамандандырылған көрмесінің тақырыбы бойынша бірлескен іс-қимылдар жасау туралы  келісім жасады. Оған қоса,  ұйым басшысы Ұлттық энергетикалық баяндаманы даярлау  және оны ЭКСПО-2017 шеңберінде Еуразиялық KAZENERGY форумының бастамасымен IEF шараларында таныстыру бойынша бірлескен жұмыстарға қызығушылық танытты.

2016 жылғы 27-28 қыркүйекте Алжирде ХЭФ (IEF) 15-ші министрлік  кездесуі өтетінін атап көрсеткен жөн, онда Қазақстан  тең төраға ретінде ұсынылады.

 

Анықтама

Халықаралық энергетикалық  форум (ХЭФ, IEF) 1991 ж. құрылды –  энергия ресурстарының экспортымен, транзитімен айналысатын елдердің үкіметаралық диалогтарын  қамтамасыз ететін жалғыз  халықаралық ұйым. Көмірсутекті шикізатқа ғаламдық сұраныс пен ұсыныстың 90%-дан астамын қамтамасыз ететін 74 ел ұйымға мүшелік етеді.  

Қазақстан Республикасы 2012 жылы ХЭФ толық құқықты мүшесі болды.  Екі жақ тарап біздің еліміздің осы ұйымдағы рөлін күшейтуге бағытталған  бірқатар кездесулер мен шаралар өткізді.

 

KAZENERGY» қауымдастығының баспасөз қызметі

+7 (7172)79 01 81; +7 701 999 87 12;

  Бұл e-mail спам-боттардан қорғалған, оны көру үшін сізде Javascript қосулы болу керек

PDFБаспаға жіберуE-mail
 

Комментарий жазу


Қауіпсіздік  коды
Жаңарту