2016 ж. 22-ақпанда KAZENERGY қауымдастығы мүшелерінің қатысуымен ЭКСПО-2017 «Болашақ энергиясы» халықаралық мамандандырылған көрмесіне даярлық жөнінде мәжіліс өтті.

размер шрифта: Aa | Aa
23.02.2016 16:42
IMG_4057

2016 ж. 22-ақпанда  KAZENERGY қауымдастығы мүшелерінің қатысуымен ЭКСПО-2017 «Болашақ энергиясы» халықаралық мамандандырылған көрмесіне даярлық жөнінде мәжіліс өтті.  Мәжіліске «Астана ЭКСПО-2017» ҰК АҚ Басқармасының Бірінші төрағасы  Ә.Х.Пірметов, KAZENERGY қауымдастығының бас директоры Б.О.Ақшолақов, қауымдастықтың мүше компаниялары қатысты.

«Астана ЭКСПО-2017» ҰК АҚ Басқармасының Бірінші төрағасы  Әлішер Пірметов құттықтау сөз сөйлеп,  алдағы көрме тақырыбының маңыздылығын атап өтті. Оның айтуынша,  2050 жылға қарай әлемдік  энергетиканың  50%-дан астамы жаңармалы көздерден қамтамасыз етіледі.  Осыған байланысты, кездесуге қатысып отырған компаниялар «жасыл» энергетиканың жаңа формаларын іздестіруге және алға бастыруға өз үлестерін қоса алады. Экологияға, көмірсутекті шикізатты өндірудің жаңа тәсілдерін енгізуге ұқыпты қараудың  да маңызды екені сөзсіз.

Пірметовтың пікірінше,  «ЭКСПО-2017»  компаниясы  өткізілетін шараға көпшіліктің қызығушылығын тудыратын дүниежүзіне әйгілі ірі компаниялардың қатысуына мүдделі.

Осы орайда, 2014 жылы қол қойылған  «Астана ЭКСПО-2017» ҰК АҚ және  KAZENERGY  арасындағы ынтымақтастық туралы меморандум қауымдастықтың  және қауымдастық мүшелері – энергетикалық компаниялардың көрмені даярлауға белсенді қатысуына мол мүмкіндіктер ұсынады.   

Қауымдастық мүшелері мен қатысушылары атынан сөз алған Бас  директор KAZENERGY Болат Ақшолақов, 80-нен астам мұнай-газ және энергетика компанияларын біріктіретін қауымдастықтың  10 жыл ішінде энергетика саласындағы  көптеген қадамдар мен шешімдердің бастамашысы бола алғанын  және жеке бизнес пен мемлекет арасында, сол сияқты корпоративтік деңгейде әрекеттестік ету механизмдерін қалыптастырғанын атап өтті.

 Бүгінгі күні KAZENERGY қауымдастығының мұнай және газ, электр энергетикасы, баламалы және жаңармалы энергия көздері  саласындағы  ірі халықаралық ұйымдармен және  институттармен  көпжылдық энергетикалық ынтымақтастық тәжірибесі халықаралық көрмені даярлауда және өткізуде тиімді болуы мүмкін.

«Астана ЭКСПО-2017» ҰК АҚ-мен  қол қойылған меморандум шеңберінде ЭКСПО-ға даярлық бойынша бірлескен шаралар кешені жүргізілуде.

Қауымдастық Халықаралық  энергетикалық агенттікпен (IEA), Халықаралық жаңармалы энергия көздері агенттігімен (IRENA) меморандумдарға қол қойды, Дүниежүзілік мұнай кеңесімен (WPC) және Халықаралық энергетикалық форуммен (IEF) бірлескен шаралар өткізу туралы  келісім жасалды.

Оған қоса, Біріккен Ұлттар Ұйымының Еуропалық экономикалық кеңесімен БҰҰ ЕЭК мүше елдерінің энергетика министрлері деңгейінде конференция өткізу және 2017 жылы Астана қ. «Тұрақты даму энергетикасы» Халықаралық Форумын өткізу туралы келісімге қол жеткізу маңызды жетістік болып табылады.

БҰҰ ЕЭК Біріккен Ұлттар Ұйымының бес өңірлік  комиссиясының бірі  және Тұрақты энергетика комитеті шеңберінде тұрақты энергетиканы алға бастыру мәселесімен тұрақты негізде айналысатын жалғыз комиссиясы болып табылатыны белгілі. Комитет алғаш рет өткізгелі отырған Министрлік  конференция пікірталастар деңгейін көтереді, сонымен қатар мыңжылдық даму мақсатына «Болашақ энергиясы» көрмесінің қосатын үлесін арттырады.

  «Астана ЭКСПО-2017» ҰК АҚ-мен жүргізілген келіссөздер барысында ЭКСПО көрмесі шеңберінде Еуразиялық KAZENERGY форумын өткізу туралы келісімге қол жеткізілгені қауантарлық іс болғанын Болат Ақшолақов атап өтті.  

KAZENERGY қауымдастығының Бас директоры мүше компанияларға, сонымен қатар, «Астана ЭКСПО-2017» ҰК АҚ-ға  «Болашақ энергиясы» халықаралық көрмесі сияқты маңызды шараны даярлау мәселелерінде әрдайым қолдау көрсететінін атап көрсетті.  

Кездесу барысында қауымдастық мүшелеріне көрме қалашығының макеті көрсетілді. «Астана ЭКСПО-2017» ҰК АҚ коммерциялау және демеушілік департаментінің директоры  Е.Б.Мейрамов   макет туралы және  алдағы көрмеге коммерциялық және демеушілік формада қатысу мүмкіндіктері туралы әңгімелеп берді.

Қатысушылар Қазақстанда және де шетелде көрмені даярлауға және алға бастыруға әрі қарай қатысу туралы  пікірлерімен бөлісті.

 «KAZENERGY» қауымдастығының баспасөз қызметі

+7 (7172)79 01 81;

+7 701 999 87 12;

 

Бұл e-mail спам-боттардан қорғалған, оны көру үшін сізде Javascript қосулы болу керек
PDFБаспаға жіберуE-mail
 

Комментарий жазу


Қауіпсіздік  коды
Жаңарту