KAZENERGY қауымдастығы Ғылыми-техникалық кеңестің бірінші мәжілісін өткізді. Оған қауымдастық, мемлекетттік органдар, ұлттық және халықаралық компаниялардың өкілдері қатысты.

размер шрифта: Aa | Aa
25.02.2016 17:27
IMG_4104

Челябинск құбыр зауытының  (ЧТПЗ)  көмірсутекті өндіру, тасымалдауға арналған инновациялық шешімдерді қолдану арқылы  бизнес-процестерін ұйымдастыру және кадрларды даярлау бойынша тәжірибесін Александр Романцов («ЧТПЗ» ААҚ электрмен пісірілетін мұнай-газ құбырлары және ТБД басқармасының бастығы) таныстырды.  ЧТПЗ былтыр KAZENERGY қауымдастығына толық мүше болып кіргенін естеріңізге саламыз.

ЧТПЗ -  әлемнің ірі  құбыр компанияларының ондығына кіретін жетекші ресейлік құбыр  өндіруші компания. ЧТПЗ өзінің даму негізіне   өндірістік және  корпоративтік мәдениетке,  әлемдік стандарттарға жауап бере алатын өнімнің жоғары сапасына,  экологиялық қауіпсіздікке және  білікті мамандарға негізделген Ақ металлургия философиясын басшылыққа алады. Оған  - өндірістік аумақтың тазалығы сияқты ерекшеліктер,  күнделікті жұмыс киімінің   міндетті белгісі ретіндегі «ақ халат»  қағидаты жатады.  Компания ҒЗТКЖ  негізінде кешенді өнімдерді  ұсынады және білім беру бағдарламаларына да көп  көңіл бөледі.

KAZENERGY қауымдастығы  әлемде қолданылатын озық корпоративтік тәжірибені  ескере отырып, өндірісті дамыту және бизнесті жетілдіру жоспарында өз мүшелерінің тәжірибесін зерттемек.

Мәжілістің екінші тақырыбы -  «Сұйық, газ тәрізді және қатты көмірсутек  ресурстарын және қорларын басқару жүйесі  - Petroleum Resources Management System (PRMS)». PRMS  жүйесінің  әзірлеушісісі Джон Эзерингтон Қазақстанның  PRMS жүйесіне көшуі жөніндегі өз ойларымен бөлісіп, баяндама жасады.

Көмірсутекті барлау және өндіру  – көп қаржыны қажет ететін және тәуекелі жоғары қызмет түрі болып табылады. Қазіргі жағдайда  КСШ кенін геологиялық барлау және игеру бойынша жұмыстарды жүргізу үшін инвестиция тарту қажет, ол үшін биржалар мен банктер КСШ қоры туралы сенімді деректерді талап етеді. Бүгінгі күні ірі мұнай-газ компаниялары пайдаланатын SPE-PRMS жүйесі әлемдегі  көпке танымал жүйелердің бірі болып табылады.  

Қазақстанның ресурстарды халықаралық басқару жүйесіне көшуі  көмірсутекті шикізат пен басқа да пайдалы қазбалар қорын есепке алатын жүйені реформалауды қамтитын ҚР Президенті Н.Ә.Назарбаевтың «Бес институционалдық реформаны іске асыру жөніндегі 100 нақты қадам» бағдарламасының бір міндеті  болып табылады. Осы мақсатта, KAZENERGY  қауымдастығы ҚР ИДМ Геология комитеті, ҚР мұнайшылар-геологтар қоғамы және басқа да мүдделі тараптармен  бірлесіп,  Қазақстанда  әлемдік тәжірибені қолдана отырып КСШ қорларын есепке алу жүйесін әзірлеу және енгізу үшін күрделі мәселелерді шешу варианттарын талқылау және іздестіру бойынша жұмыстарды жүргізіп жатыр.   

PDFБаспаға жіберуE-mail
 

Комментарий жазу


Қауіпсіздік  коды
Жаңарту