2016 жылғы 23 ақпанда ҚР Энергетика Вице-министрі Әсет Мағауов пен KAZENERGY атқарушы директоры Рүстем Қабжанов бірлескен брифинг өткізді.

размер шрифта: Aa | Aa
23.02.2016 17:29

IMG_2100_123

2016 жылғы 23  ақпанда ҚР Энергетика  Вице-министрі  Әсет  Мағауов пен KAZENERGY атқарушы директоры Рүстем  Қабжанов  Елбасы Нұрсұлтан  Назарбаевтың Бес институционалдық реформаны іске асыру бойынша 100 нақты қадам – Ұлт жоспарының № 74 және 75 қадамдарын іске асыру бойынша Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігінің қызметтері туралы бірлескен брифинг өткізді. 

2015 жылғы 6 мамырда Қазақстан Республикасының Президенті  Үкіметтің кеңейтілген отырысында Ұлт жоспары -  бес институционалдық реформаны іске асыру бойынша 100 нақты қадамды  ұсынғанын естеріңізге саламыз.   Бұл жоспарда қоғам мен мемлекеттегі түбегейлі қайта құрулар  белгіленген.  Онда елімізді индустриалдандыру және экономикалық дамытуда маңызды рөл атқаратын жер қойнауын пайдалану саласы да қамтылған.

Ұлт жоспарының № 74 және 75 қадамдарын іске асыру Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігінің  құзыретіне жатады.

№ «74»-қадам: «Пайдалы қазбалар қоры жөнінде есеп берудің CRIRSCO халықаралық стандарттар жүйесін енгізу арқылы жер қойнауларын пайдалану саласының мөлдірлігі мен болжамдылығын арттыру».

Энергетика министрлігі   Инвестициялар  және даму министрлігінің Геология комитетімен және өзге де мүдделі меморгандармен және ұйымдармен  бірлесіп,  № 74-қадамды іске асыру бойынша жұмыстарды атқаруда. Қатты пайдалы қазбалар (ҚПҚ) және көмірсутекті шикізат (КСШ) саласы халықаралық стандарттарды енгізуді   қажет етеді.  Энергетика министрлігі заңнама  бойынша КСШ, көмір және уран бойынша жер қойнауын пайдалану келісімшарттары жөніндегі құзыретті орган болып табылады.

№75-қадам: «Пайдалы қазбалардың барлық түрлері үшін үздік әлемдік тәжірибені пайдалана отырып, келісімдер жасасудың оңтайландырылған әдісін енгізу». Бұл қадамды Энергетика министрлігі Инвестициялар және даму министрлігімен бірлесіп Жер қойнауы туралы кодекс жобасын әзірлеу шеңберінде орындап жатыр.

Кодексте заңмен қорғалатын барлық геологиялық ақпараттан басқа ақпаратқа еркін кіру рұқсаты қарастырылады; жеке инвесторлардың қаражаты есебінен жер қойнауына геологиялық зерттеу жүргізу мәселелері белгіленеді; «бірінші келген – бірінші алады» қағидаты бойынша жеңілдетілген негізде барлау құқығын беру мүмкіндігі пысықталып жатыр. Оған қоса, сараптау және келісім жасау мәселелерін біршама  жеңілдету  жоспарланып отыр, мұның барлығы бір уақытта жүргізіледі және  қарау мерзімі 30 күннен аспайтын болады.

Осылайша, Елбасы Нұрсұлтан  Назарбаевтың Бес институционалдық реформаны іске асыру бойынша 100 нақты қадам – Ұлт жоспарының № 74 және 75 қадамдарын іске асыру  жер қойнауын пайдалану саласының инвестициялық тартымдылығына оң әсер береді. 

PDFБаспаға жіберуE-mail
 

Комментарий жазу


Қауіпсіздік  коды
Жаңарту