Қазба отынды таза пайдалану – БҰҰ семинары

размер шрифта: Aa | Aa
09.03.2016 13:21
a6d7e86ecee66ec9694b6f6bfa9e5bad

ЭКСПО-2017 халықаралық мамандандырылған көрмесі аясында,  БҰҰ ЕЭК  Тұрақты энергетика жөніндегі министрлік конференциясын  өткізуге даярлық шеңберінде, сонымен қатар ҚР Үкіметіне  «жасыл экономика» стратегиясын  іске асыру бойынша көмек көрсету мақсатында   «Қазба отын «Жасыл көпір» бастамасының маңызды элементі дәрежесінде   қолданылатын  алдыңғы қатарлы технологиялар» деп аталатын  екі күндік семинар басталды. Бұл  семинарды  БҰҰ ДБ  және KAZENERGY қауымдастығының қолдауымен БҰҰ ЕЭК ұйымдастырып жатыр. Оған ҚР Энергетика вице-министрі Бақытжан Жақсалиев, ҚР өзге де мемлекеттік органдары мен ведомстволары, сонымен қатар ірі энергетикалық компаниялар  және ғылыми-зерттеу институттарының өкілдері   қатысады. Оған қоса,   халықаралық ұйымдардың өкілдері де атсалысады (БҰҰ ДБ, БҰҰ ЕЭК,  АҚШ Энергетикалық қауымдастығы, Таза көмір орталығы, ХЭА, Дүниежүзілік Көмір қауымдастығы, General Electric және т.б.).

Аталмыш шараның мақсаты - Қазақстандағы көмір өндірісінде  экологиялық таза және экономикалық тиімді технологияларды  пайдалану және дамыту өзектілігін қарау   және қазақстандық серіктестермен бірлесіп ҚР Президенті Н.Назарбаевтың БҰҰ бастамасымен Астана қаласында жасыл технологиялар мен инвестициялық жобалардың халықаралық орталығын құру бойынша бастамасын енгізу мүмкіндігін зерттеу. Сонымен қатар, семинар барысында шет мемлекетттердің, атап айқанда АҚШ пен Жапония елдерінің тәжірибесіне ерекше көңіл бөлінеді.

Қазақстан Республикасында тұрақты энергетиканы дамыту саласында көптеген жұмыстар атқарылуда. Қажетті заңнамалық база құрылды, нақты мақсаттық көрсеткіштерді белгілейтін стратегиялық құжаттар кешені қабылданды. Алайда,  KAZENERGY қауымдастығының атқарушы директоры Рамазан Жампейісов өз баяндамасында атап өткендей, елдің спецификасын, сонымен қатар энергетикалық нарықты дамыту және экономикалық қолайлылық тренділерін ескерсек, кейбір мақсаттық индикаторлар қайта қаралуы тиіс. Оған қоса, қабылданған тұжырымдамалар мен бағдарламаларды іске асыру бойынша іс-шаралар жоспары кейбір міндеттерді декларативтік деңгейде қалдыра отырып,  алға қойған міндеттерге қол жеткізу бойынша нақты қадамдарды көздемейді.

Көмір  - Қазақстан энергетикасының негізі. Көмір генерациясының үлесіне елімізде өндірілетін  электр энергиясының 70%-дан астамы және тұтынылатын бастапқы энергия ресурстарының 60%-дан астамы жатады.  Таяудағы 20 жыл ішінде көмірдің  маңыздылығы  жойыла қоймайды, сондықтан  біздің ел үшін таза көмір технологмясын дамытудың мәні зор.

ЖЭК үлесінің қарқындап өсуі көмір станцияларының тиімділігін төмендетуі және дәстүрлі энергетикаға шамадан тыс қаржы жүктемесін артуы мүмкін, осының нәтижесінде негізгі қорларды жаңартуға инвестиция салу мүмкіндіктерін азайтуы мүмкін.

Қазіргі уақытта көптеген бағдарламалар мен жоспарлар бар, дегенмен көмір өнеркәсібі мен генерациясын дамытудың нақты стратегиясы әлі күнге жоқ. Көмір генерациясының басты қиындықтары көпке мәлім, ол  – жабдықтардың тозығы жеткен, станциялардың ПІК төмен, күлі көп шығатын көмір  пайдаланылады  және атмосфераға зиянды заттар көп шығарылады,  күл-шлак қалдықтарын жинау қиындықтары  бар және т.б. Осыған байланысты,  көмір өнеркәсібі мен электр энергетикасын дамыту саласындағы ҚР мемлекеттік саясатын  әрі қарай түзете отырып, электр станцияларын кешенді зерттеу жұмыстарын жүргізу  қажет болып отыр  деп көрсетіледі KAZENERGY баяндамасында.

Өңірдегі тұрақты энергетиканы дамытуға көмектесу мақсатында, сонымен қатар Мыңжылдықтарды дамыту мақсатын  алға бастыру үшін БҰҰ ЕЭК  KAZENERGY қауымдастығымен, сонымен қатар  «Астана ЭКСПО 2017» ҰК» АҚ-мен бірлесіп ҚР Үкіметінің қолдауымен тұрақты энергетика жөніндегі министрлік конференцияны «Болашақ энергиясы» ЭКСПО 2017 халықаралық мамандандырылған көрмесі өтетін күндері өткізуді жоспарлап отыр.

PDFБаспаға жіберуE-mail
 

Комментарий жазу


Қауіпсіздік  коды
Жаңарту