Көмірсутекті шикізат (КСШ) қорын есепке алатын халықаралық жүйеге Қазақстан қалай көшетін болады және республиканың геологиялық барлау саласындағы қызметтерінің ерекшелігін ескере отырып бұл жүйені қабылдау және енгізу үшін қандай қадамдар жасау қажет?

размер шрифта: Aa | Aa
16.03.2016 19:51
IMG_4135

Осындай өзекті  мәселелер KAZENERGY  қауымдастығында өткен арнайы мәжілістің күн тәртібіндегі басты тақырып  болды.

Мәжілісті ҚР Энергетика вице-министрі Әсет  Мағауов пен KAZENERGY  Бас директоры Болат  Ақшолақов басқарды және меморгандардың, ұлттық және халықаралық  компаниялардың өкілдері қатысты.

 Қазақстанда КСШ қорын есепке алатын халықаралық жүйені қабылдау мәселесі  – энергетика саласындағы басым мәселелердің бірі. Әлеуетті инвесторлар қорлар туралы дәл әрі сенімді деректерге сүйенеді, сәйкесінше, дүниежүзінде мойындалған стандарттар мен әдістерді ғана назарға алады. Қазіргі уақытта Қазақстанда 2005 жылы бекітілген КСШ қорларын топтастырғыш қолданылады.  Балама ретінде  жетекші халықаралық салалық ұйымдар қолдайтын және көптеген елдерде пайдаланылатын Petroleum Resources Management System (PRMS) – сұйық, газ тәрізді және қатты көмірсутек ресурстары мен қорларын басқару жүйесі зерттелуде.

Осылайша, мәжіліс барысында қазақстандық және халықаралық есепке алу жүйесіне талдау жасалды. Саланың қазіргі жағдайы  және жер қойнауын пайдалану нысандарының инвестициялық тартымдылығын арттыратын қажетті шарттар туралы айтылды.  Кен орындарын тиімді игеру және  қолданыстағы қорларды есепке алу жүйесі шеңберінде МАК  (мұнай алу коэфициенті) қол жеткізу мәселесі, жаңа Жер қойнауы туралы кодексті  әзірлеуді ескере отырып, жер қойнауын пайдалану мәселелері бойынша мемлекеттік органдардың (ҚМК, БИОК және басқ.)  рөлдері мен міндеттері талқыланды.



PDFБаспаға жіберуE-mail
 

Комментарий жазу


Қауіпсіздік  коды
Жаңарту