2-ші «Ұлттық энергетикалық баяндама» (ҰЭБ) KAZENERGY қауымдастығы

размер шрифта: Aa | Aa
05.04.2016 18:51

2016 жылғы 05-сәуірде «Ұлттық  энергетикалық баяндаманың» 2-ші шығарылымына арналған баспасөз конференциясы өтті.

Конференцияға KAZENERGY қауымдастығы Төрағасының орынбасары Ұ.С.Қарабалин, KAZENERGY  қауымдастығының Бас директоры Б.О.Ақшолақов,  «Самұрық-Энерго»  АҚ стратегия және сату жөніндегі басқарушы директоры  К.Т.Молдабаев, Energy Insight IHS Аға ғылыми қызметкері Д.Берков қатысты.

Ұлттық энергетикалық баяндаманың 1-ші шығарылымы шыққаннан бергі екі жыл ішінде   мұнайдың дүниежүзілік бағасының құлдырауына әсер еткен, атап айтқанда кен орындарын геологиялық барлау және  игеруге инвестициялардың азаюы, энергия тасымалдаушылардың басқа түрлеріне де сұраныстың азаюы сияқты  бүкіл әлемде маңызды геосаяси және экономикалық үдерістер орын алды.   

 «Ұлттық  энергетикалық баяндаманың» екінші шығарылымында дүниежүзілік экономиканың негізгі үрдістерінің  қазақстандық сегменттегі жағдайға әсері, қазақстан мұнайының ауқымын сақтап қалу және арттыру мүмкіндіктері  жан-жақты талданады.  Баяндама авторлары  оған қоса: көмір өндірісінің болашағына, қазіргі жағдайға және қазақстан уранына сұраныс перспективасына, электр энергиясы өндірісін ұлғайтудың тиімділігіне  және басқаларына зерттеу жүргізді.  

«Ұлттық  энергетикалық баяндаманың» екінші шығарылымындағы іргелі тұжырымдардың бірі экономикасы  кемелденген көптеген елдерде байқалып отырған   ЖІӨ өсу қарқынынның төмендеу сипатын және дүниежүзілік нарықтағы жағдайларды ескере отырып,  Қазақстан экономикасының өсу қарқынын болжамдау болып табылады. Дегенмен ЖІӨ-нің мұнай саудасына тәуелді болуына  және «голландиялық сырқатқа» байланысты   макроэкономикалық тәуекелдер Ұлттық қордағы мұнай саласынан түсетін түсімді «стерильдеу» саясатымен жеңілдетіледі. 

Қазіргі кезең тек энергетикалық сала үшін ғана емес, жалпы қазақстан экономикасы үшін де қиын-қыстау кезең. Қазірде  республиканың мұнай-газ саласын дүниежүзілік сын-қатерлерге  біртін-біртін бейімдеу, қазақстан мұнайын өткізетін нарықты сақтап қалуға мүмкіндік беретін сарапталған, тұжырымдалған  уақтылы шешім қабылдау қажеттігі   және еліміздің тұтынушылары үшін  мұнай өнімдері бағасының қолжетімді болуы мәселесі ең өткір мәселе болып тұр.

ҰЭБ авторлары  электр энергиясын тұтынушылар санының өсу келешегі туралы айта келіп, энергия тұтынушылардың саны бұрын болжамданған мөлшерден аз болатынын атап көрсетеді.  Болжам бойынша электр энергиясын қорытынды тұтыну мөлшерінің орташа жылдық қарқыны 2015-2040 жылдар  аралығында 1-1,2% деңгейде болады. Және де электр энергиясы өндірісінің ауқымы 2030 жылы 111 млрд. кВт*сағ.  деп бағаланып отыр, мұның өзі  кем дегенде  34 млрд. кВт*сағ., яғни Қазақстан бойынша базалық болжамнан аз.    

Баяндама бойынша 2015 жылы  Қазақстанның маңызды серіктесі әрі энергия ресурстарының ірі тұтынушысы Қытайдың энергетикалық секторының дамуына зерттеу жүргізілген.  Қытай энергия  ресурсын өткізетін ірі нарық болып қала береді деп күтілуде.  Десе де  Қазақстанның Қытайға көмір және электр энергиясын экспорттау бойынша мүмкіндіктері шектеулі. Қытайға уран экспорты   ондағы уран қорының жинақталу қарқынына байланысты болашақта  56% үлеспен азайтылуы мүмкін.

Мұнай өнімдерін тұтыну бөлігінде Қазақстанда оны тұтыну мөлшері біршама өседі және МӨЗ жаңартылуына қарай өндіріс және  тұтыну балансына қол жеткізіледі деп күтілуде.

Баяндама авторлары мұнайға деген дүниежүзілік сұраныстың азаюына қарай газ өндіру және тұтыну  мөлшерінің  артатынын болжамдап отыр.  Ішкі нарыққа табиғи газ жеткізілімінің артуы бірте-бірте энергия ресурстарын тұтыну құрылымында көмірдің орнын басады деп күтілуде.

Қазақстанда энергия ресурстарын тұтыну балансында көмірді пайдалану үлесі шамамен 66%,  құрайды, алайда республикадағы газ өндірісінің, атом энергетикасы және жаңармалы энергия көздерінің дамып келе жатқанын ескерсек,  көмір үлесі 2040 жылға қарай  40%  дейін төмендейді деп болжаманған.

Дүниежүзілік экономиканың кез келген сценарийінде Қазақстан уран өндірісі бойынша көшбасшы болып қала бермек, мұның өзі Қазатомпром менеджменті қызметтерінің және жерасты ұңғымалаудың экологиялық таза технологиясын қолдану   нәтижесінде   мүмкін болып отыр. Сонымен қатар баяндамада  елдің жасыл экономикаға көшу бағдарламасы шеңберінде  атом станцияларын салу артықшылықтары  туралы идея айтылған.

Жалпы алғанда, «Ұлттық  энергетикалық баяндаманың» 2-ші шығарылымы  - ҚР отын-энергетика кешенінің қазіргі жағдайына және даму келешегіне толық зерттеу жасалған еңбек. Онда мамандардың эксклюзивтік аналитикалық және сараптық тұжырымдары, сонымен қатар Қазақстанның  отын-энергетика кешенінің  инвестициялық тартымдылығын жақсарту бойынша бірқатар ұсыныстар берілген. 

«Ұлттық Энергетикалық баяндама - 2015»-ті   қауымдастыққа мүше компаниялардың – «ЭксонМобил Қазақстан Инк.»  және  «Самұрық-Энерго» АҚ-ның қолдауымен KAZENERGY  қауымдастығы әзірледі. ҰЭБ әзірлеуге IHS Вице-Төрағасы және Пулитцер сыйлығының лауреаты Дэниел Эргиннің  жеке өзінің қатысуымен энергетика саласындағы жетекші  халықаралық консалтингілік компаниялардың бірі   - IHS ENERGY  қатыстырылды.

Баспасөз қызметі

+7 (7172)79 01 81; 79 01 73

Бұл e-mail спам-боттардан қорғалған, оны көру үшін сізде Javascript қосулы болу керек ,

Бұл e-mail спам-боттардан қорғалған, оны көру үшін сізде Javascript қосулы болу керек

PDFБаспаға жіберуE-mail
 

Комментарий жазу


Қауіпсіздік  коды
Жаңарту