«Атамекен» Қазақстан Республикасы Ұлттық Кәсіпкерлер палатасы Президиумының Мұнай-газ өндірісі комитетінің 17-ші мәжілісі

размер шрифта: Aa | Aa
07.04.2016 09:43
IMG-20160406-WA0009

2016 жылғы 06-сәуірде Д.Р.Абылғазиннің төрағалық етуімен «Атамекен» Қазақстан Республикасы Ұлттық Кәсіпкерлер палатасы Президиумының Мұнай-газ өндірісі комитетінің (бұдан әрі – Комитет) 17-ші мәжілісі өтті.

Күн тәртібінде  мемлекеттік органдардың жер қойнауын пайдаланушыларға салық салу жүйесін реформалау жөніндегі ұсыныстарына ерекше көңіл бөлінетін Біріккен Салық және Кеден кодексін қалыптастыруға байланысты мәселелер қаралды. Комитет мүшелері бірыңғай ұстаным қалыптастыру және оларды уәкілетті мемлекеттік құрылымдармен талқылау мақсатында  осы ұсыныстарды мұнай-газ секторындағы кәсіпорындармен және компаниялармен бірлесіп қарастыру қажеттігін ұсынды.

Мәжіліске қатысушылар  заң шығару саласындағы, атап айтқанда «Жер қойнауын пайдалану туралы» Кодекс жобасына, «Офсеттік келісімдер туралы» заң жобасына, экологиялық заңдарға  өзгерістер енгізу және оларды әзірлеу саласындағы KAZENERGY қауымдастығы атқарған  жұмыстарды да талқылады. Экология бойынша мәселелер, білім беру бағытындағы қызметтер қаралды, жер қойнауын пайдаланушылардың қаржысы есебінен оқу мүмкіндіктері талқыланды және қол жеткен жетістіктер туралы айтылды.  Қауымдастық өзінің мүшелерімен бірлесіп жастардың болашақта энергетика саласында жұмыс істеуі үшін олардың білім алуына қолдау көрсету бағытында көптеген жұмыстар атқаруда. Жетекші салалық компаниялардың көмегімен  еліміздің мамандандырылған ЖОО-да (ҚБТУ, КИМЭП және басқ.) оқуға білім гранттары бөлінді. Осы орайда жер қойнауын пайдаланушылар есебінен кадрларды даярлау бойынша KAZENERGY  тәжірибесінің тиімді екені және бұл істі дамыта түсу қажеттігі  атап көрсетілді. Мәжіліске қатысқан NCOC компаниясының өкілі,  өз кезегінде, осы мәселелердегі бірлескен әрекеттестіктің  тиімділігі жоғары екенін атап көрсетті және осындай игілікті істің жалғасын таба беретініне сенім білдірді.  

Баспасөз қызметі

+77172 790173, 790183

Бұл e-mail спам-боттардан қорғалған, оны көру үшін сізде Javascript қосулы болу керек


PDFБаспаға жіберуE-mail
 

Комментарий жазу


Қауіпсіздік  коды
Жаңарту