АҚШ Энергетика министрі Эрнест Монизге «Ұлттық энергетикалық баяндаманың» 2-ші шығарылымы табыс етілді

размер шрифта: Aa | Aa
07.04.2016 10:57

6-сәуірде ҚР және АҚШ Энергетика министрлері  Қанат Бозымбаев пен Эрнест Монуздың қатысуымен Энергетика саласындағы серіктестік жөніндегі арнаулы қазақстан-америка комиссиясының 11-ші пленарлық мәжілісі өтті. АҚАК жұмысына қазақстан тарабынан бірқатар Ұлттық компаниялар, зертеу орталықтары және KAZENERGY қауымдастығының басшылары қатысты.  

Екі жақ тарап ядролық қару таратпау, ядролық қауіпсіздік, энергия тиімділігі және көміртекті секвестрлеуге қатысты  бірқатар өзекті мәселелер жөнінде пікір алысты.

Бірінші кезекте Мониз мырза еліміздің бұлжымас ұстанымын және Нұрсұлтан Назарбаевтың ядролық қаруды таратпау және   жаһандық ядролық қауіпсіздікті нығайту жолындағы дәйекті  саясатын жоғары бағалады.

Бозымбаев  мырза өз тарабынан Мониз мырзаға ядролық қауіпсіздік мәселесінде көрсеткен  жан-жақты қолдауы үшін алғыс айтты және  біздің елімізде Аз байытылған уран банкін (АБУБ) құрудағы американдық тараптың маңызды рөлін атап көрсетті.  Бұл жоба  бейбіт жолдағы атом энергетикасын дамытуға бағытталған, АЭХА мүше елдерге ядрлық отынның кепілдікті жеткізілуі - оның негізгі міндеті болып табылады.

Американдық компаниялардың республикадағы мұнай-газ секторында атқарып жатқан жұмыстары, «жасыл» энергетика технологиясын енгізу, сонымен қатар АҚШ компанияларының «Болашақ энергиясы» тақырыбында өтетін «ЭКСПО-2017» халықаралық көрмесіне қатысу мүмкіндігі де  бір сағатқа таяу уақыт бойы  талқыланды.

Кездесу  нәтижесінде «Қазақстан-америка серіктестігінің тең төрағаларының бірлескен өтінішіне» қол қойылды,  онда Ядролық физика институтының  (ЯФИ) зертеу реакторының  ВВР-К жоғары байытылған уран отынынан аз байытылған уран  отынына конверсиясындағы  және энергетика саласындағы бірқатар бірлескен жобалардағы елеулі прогресс атап көрсетілді.

Мәжіліс барысында АҚШ Энергетика министрі  Эрнест Мониз бен KAZENERGY қауымдастығының бас директоры Болат Ақшолақов кездесті, онда американдық истеблишмент өкіліне республиканың өндіруші саласының даму перспективаларына  KAZENERGY қауымдастығының стратегиялық көзқарасы бейнеленген  «Ұлттық энергетикалық баяндаманың» 2-ші шығарылымы табыс етілді. Бұл -  жан-жақты  талдау жасалған  басылым, оны әзірлеуге американдық мамандар және IHS Вице-Төрағасы, Пулитцер сыйлығының Лауреаты Дэниел Ергин жеке өзі қатысты және бұл басылым  тек қазақстандық үкімет пен бизнестің ғана емес, ең бастысы Қазақстанның отын-энегетикалық кешенінің барлық басымдықтары мен инвестициялық тәуекелдеріне баға беретін шетелдік инвесторлардың қызығушылығын туғызады.

Баспасөз қызметі

+7 (7172)79 01 81;

+7 701 999 87 12

Бұл e-mail спам-боттардан қорғалған, оны көру үшін сізде Javascript қосулы болу керек
PDFБаспаға жіберуE-mail
 

Комментарий жазу


Қауіпсіздік  коды
Жаңарту