«Росатом Орталық Азия» KAZENERGY Қауымдастығына кірді

размер шрифта: Aa | Aa
14.04.2016 17:29
RosAtom_logo_rus

gnh

«Росатом Орталық Азия» KAZENERGY Қазақстан мұнай-газ және энергетика кешені үйымдары қауымдастығының  80-ші мүшесі атанды.

«Росатом Орталық Азия» «Росатом» Мемлекеттік корпорациясының Қазақстандағы және Орталық Азия елдеріндегі ресей атом саласының кәсіпорындарындарында өнімдер мен қызметті жылжытуды қамтамасыз ететін аймақтық орталық болып табылады.   

"Росатомның" кәсіпорындары - Қазақстанның энергетикалық кластерінің белсенді қатысушылары. Біз Мемлекеттік корпорацияның KAZENERGY Қауымдастығы қызметіне үлес қоссақ деген ниеттерін қарсы алып, қолдау білдіреміз. "Росатом" секілді есімі әлемге танымал компанияның жұмысы саланың дамуына халықаралық тәжірибелерді шоғырландыруға және қолдануға мүмкіндік береді. «Росатом» секілді есімі әлемге танымал компанияның Қауымдастыққа қосылуы саланы дамыту үшін халықаралық тәжірибелерді шоғырландыруға және пайдалануға мүмкіндік береді. Біз өзіміздің ынтымақтастығымызды атом энергетикасын дамыту, электрэнергетикасын жетілдіру, энергия көздерін жаңарту, мұнай-газ саласы, ғылым мен инновацияны дамыту сияқты кеңістіктерден көреміз»,– дейді «KAZENERGY» Қауымдастығының Бас директоры    Болат Акчулаков.

Интегратор рөлін атқарушы KAZENERGY платформасында «Росатом» кәсіпорындары», Қазақстанның мұнайгаз және энергетика кешендерінің нарығына шығуға жаңа мүмкіндіктер алады. Ресей атомдық энергия өнеркәсіптік кешені Ресейдегі және шетелдегі атом нысандары құрылыстарының мұқтаждықтарын қамтамасыз етумен қатар, мұнайгаз өнеркәсібі мен жылуэнергетикасына арналған жабдықтарды өндіруде үлкен құзіреттерге ие болады. Сонымен қатар Росатомның машина тұрғызу дивизионы кәсіпорны тек жабдықтар өндірумен шектелмейді, сондай-ақ Қазақстанда жоғары сұранысқа ие болуы мүмкін ТЭС үшін қазандық жабдықарын жетілдіруді жүргізеді. Біз қауымдастық мүшелерімен, энергетикалық нарықтың әлемдік және аймақтық басты ойыншыларымен ынтымақтастығымызды бірлескен кәсіпорындар құру арқылы дамытуды көздеп отырмыз,- деп өз ойын білдірді  «Росатом Орталық Азияның» Бас директоры Сергей Громов.    

Анықтамалық:

«Росатом» кәсіпорындарында мұнайды, газды және газ конденсаттарын өңдеуге, мұнай өңдейтін зауыттардың технологиялық жабдықтарына арналған технологиялық жабдықтардың кең спекторы өндіріледі. Мұнайхимия аппаратурасы жаңадан құрылған өнеркәсіптер үшін және қолданыстағы нысандарды қайта қалпына келтіру үшін дайындалады.  

«Росатом» Мемлекеттік корпорациясының жылу станциялары үшін басты өнімі қуаттылығы 50-ден 800 МВт-қа дейінгі энергоблоктарға арналған, жанармайдың алуан түрлерімен: мазут, газ, қатты жанармай (тасты және қоңыр көмір, лигниттер) жұмыс істеу үшін ілгері техникалық шешімдерді ескере отырып жасалған қазандықтар (табиғи айналмалы, жоғары критикалық өлшемдерде барабанды және тік нақтылы) болып табылады. Мемлекеттік корпорация кәсіпорындары 152 отандық және шетелдік электрстанциялары үшін жалпы қуаттылығы 66 млн кВт-тан жоғары, соның ішінде  16 млн кВт-тан астамы экспортқа шығарылған, шамамен 700 қазан агрегаттар өндірген. Қазандар әлемнің 20 шақты еліндегі электрстанцияларда жұмыс істейді.

Байланыстар:

«Росатом» баспасөз агенттігі

www.imars.ru

+ 7 701 9713820 Ольга Алесенко

PDFБаспаға жіберуE-mail
 

Комментарий жазу


Қауіпсіздік  коды
Жаңарту