Жамболат СӘРСЕНОВ Венгрияның Қазақстан Республикасындағы Құрметті консулы болып тағайындалды

размер шрифта: Aa | Aa
22.04.2016 11:51
DSC_3338

KAZENERGY қауымдастығы Төрағасының орынбасары Жамболат Сәрсенов Венгрияның Қазақстан Республикасындағы құрметті консулы болып тағайындалды.

Қазақстан-Венгрия іскерлік кеңесінің тең төрағасы дәрежесіндегі сіңірген еңбегі мойындалып,  21 сәуірде Ақтөбе қаласында Вегрияның Құрметті консулдығының ашылуында Сәрсенов мырзаға осындай маңызды дипломатиялық міндет жүктелді.   

Салтанатты іс-шараға Ақтөбе облысының Әкімі Бердібек Сапарбаев, Венгрияның ҚР-дағы Елшісі Андраш Барани, Венгрия Сыртқы экономикалық байланыстар және сыртқы істер министрлігі Мемлекеттік Хатшысының Орынбасары Жолт ЧУТОРА, сонымен қатар Венгрия  және ҚР СІМ, Ақтөбе облысы  және Ақтөбе қаласы әкімшілігінің, «Атамекен» ҰКП өкілдері қатысты.  

Елбасының «Қазақстан-2050», «Нұрлы жол» және «Ұлт жоспары – бес институционалдық реформаны іске асыру жөніндегі 100 нақты қадам»  ЖЭС негізін қалайтын жаңа даму кезеңіне еліміз аяқ басып отыр, осы бағдарламалар  шеңберінде Қазақстанның халықаралық саяси және экономикалық аренадағы айқындамасын нығайту көзделген. 

Бұдан былай Жамболат Сәрсенов  мүддесіне өкілдік ететін Консулдық аймақ  Алматы, Қарағанды және Ақтөбе облыстарын қамтиды. 1963 жылғы 24 сәуірдегі Консулдық байланыстар туралы Вена конвенциясына, ҚР заңнамасына, сонымен қатар біздің еліміз қатысушысы болып табылатын халықаралық шарттар мен келісімдерге  сәйкес Сәрсенов мырза Құрметті консул міндетін атқару үшін Консулға берілетін  барлық құқықтар мен артықшылықтарды  пайдалана алады.

DSC_3384

Сол күні  Сәрсенов мырза жаңа дипломаттық дәрежеде венгриялық дипломатиялық және бизнес орта өкілдерінің облыс әкімі Бердібек Сапарбаевпен кездесуіне қатысты, онда қазақстан-венгрия ынтымақтастығын одан  әрі нығайту мәселелері талқыланды.

Ақтөбе облысының бизнес-қоғамдастығымен кездесуде болашақ перспективалар туралы да сөз қозғалды.  Екі елдің бизнесмендері венгриялық және қазақстандық компаниялардың бірлескен мұнай-газ және  басқа да жобаларға қатысуға елеулі мүмкіндіктері бар екенін атап көрсетті.

Баспасөз қызметі

+7 (7172)79 01 81;

+7 701 999 87 12

Бұл e-mail спам-боттардан қорғалған, оны көру үшін сізде Javascript қосулы болу керек
PDFБаспаға жіберуE-mail
 

Комментарий жазу


Қауіпсіздік  коды
Жаңарту