Басты назарда: ЕҢБЕК ЖӘНЕ ӘЛЕУМЕТТІК ҚАТЫНАСТАР

размер шрифта: Aa | Aa
24.05.2016 17:23
IMG_4933

2016 ж. 23-24 мамырда  KAZENERGY қауымдастығы Қазақстан Республикасының 2017-2019 жж. арналған мұнай-газ, мұнай өңдеу және мұнай-химия  салаларындағы Салалық келісімді әзірлеу жөніндегі Салалық комиссия мен Жұмыс тобының құрамына кіретін компания өкілдері үшін «Кәсіпорындардағы еңбекақыны ұйымдастыру және оны ұжымдық-шартты реттеу» деген тақырыпта семинар өткізуде.

2016 ж. 15 наурызда ҚР Энергетика министрлігінің әлеуметтік қатынастар және мұнай-газ саласындағы еңбек және әлеуметтік қатынастарды реттеу жөніндегі салалық комиссия мәжілісінде Салалық келісімді әзірлеу бойынша Жұмыс тобының құрамы белгіленгені мәлім. Биылғы жылдың 29 наурызында KAZENERGY қауымдастығының төрағалық етуімен Жұмыс тобының бірінші мәжілісі өтті, онда  Салалық келісімді сапалы даярлау мақсатында Салалық комиссия мен Жұмыс тобының мүшелері үшін кәсіпорындардағы еңбекақыны ұйымдастыру және оны ұжымдық-шартты реттеу мәселелері бойынша семинар ұйымдастыру туралы шешім қабылданды.

 Осы тақырып бойынша семинарды Қазақ ҒЗИ директоры, экономикалық ғылым докторы, лектор  (Алматы қ.) Берешев Серікжан Хамитұлы жүргізді. Екікүндік бағдарламада мынадай еңбек қатынастарына толық талдау жасалған:

- еңбек заңдарындағы жаңа аспектілер, заңнамадағы еңбекақы төлеу саласындағы тұжырымдамалық өзгерістер, еңбекақыны нормалау және төлеу ісін ұйымдастырудағы әлеуметтік серіктестік рөлін нығайту;

- нарықтық экономика  жағдайындағы еңбекақы.  Жаңа ҚР Еңбек кодексіндегі кәсіпорындардағы еңбекақыны ұйымдастыруға қойылатын заңнамалық талаптар;

- Жұмыстар мен жұмысшы кәсіптерінің бірыңғай тарифтік-біліктілік анықтамалығын  және Басшылар, мамандар және басқа да қызметкерлердің лауазымдарының біліктілік анықтамалығын қолдану тәртібі;

- кәсіпорындардағы еңбекақы төлеу жүйесіне қойылатын жаңа талаптар. Тарифтік жүйе ұғымы.  Қызметкерлерді ынталандыру тәртібі;

-  Кәсіпорындардағы еңбекақы төлеу нұсқаларын таңдау. Базалық төлемдер жүйесін құру (тарифтік мөлшерлеме). Жұмысшылар мен қызметкерлерді бөлек тарифтеу;

- еңбекақы төлеу мәселелерінің салалық келісімдерде бейнеленуі;

- Ұжымдық шарт: әзірлеу және бекіту тәртібі. Еңбекақы төлеу мәселесінің ұжымдық шартта бейнелену тәртібі. Ұжымдық шартта міндетті түрде бейнеленетін еңбекақы төлеу  параметрлері.

Баспасөз қызметі

+7 (7172)79 01 81;

+7 701 999 87 12

Бұл e-mail спам-боттардан қорғалған, оны көру үшін сізде Javascript қосулы болу керек

PDFБаспаға жіберуE-mail
 

Комментарий жазу


Қауіпсіздік  коды
Жаңарту