Қарашығанақ және Солтүстік Каспий жобаларының қаражаты есебінен оқу ақысы төленетін үміткерлерді іріктеу жөніндегі комиссияның кезекті көзбе-көз мәжілісі 2016 жылғы 23-мамырда болды.

размер шрифта: Aa | Aa
25.05.2016 16:33

Оған ҚР Энергетика министрлігі, "PSA" ЖШС,  НКОК Н.В.,  КПО Б.В. компаниялары, KAZENERGY қауымдастығының өкілдері қатысты. Мәжіліс барысында 2015-2016 жылғы академиялық оқу жылында Қазақстан Республикасының азаматтарын оқыту бойынша міндеттемелерді басқару туралы есеп  тыңдалды.

Былтыр ҚР Энергетика министрлігінің бұйрығына сай KAZENERGY қауымдастығы үміткерлерді іріктеу бойынша жұмыс органы болып белгіленді, осының нәтижесінде еліміздің азаматтарын оқытуға жұмсалатын шығындар  көпшілікке ашық болмақ. Жалпы  2015 жылы 300-ден астам адамға жоғары білім алуға мүмкіндік берілді. Білім беру бағдарламасына демеушілік жасайтын компаниялар қажетті қаражатты оқу орнына тікелей аударатынын атап көрсеткен жөн.   

PDFБаспаға жіберуE-mail
 

Комментарий жазу


Қауіпсіздік  коды
Жаңарту