Мұнай-газ секторында қазыналық және қазыналық емес жүктемені азайту Қазақстандағы мұнай-сервистік компанияларды қолдайтын маңызды фактор болып табылады

размер шрифта: Aa | Aa
26.05.2016 15:04
13256513_1245712225454089_1088689139153366256_n

EXPO-2017 «Болашақ энергиясы» халықаралық мамандандырылған көрмесін өткізуге мұнай-газ саласы қатысады

Биылғы жылдың  24-мамырында Астанада  Тимур Құлыбаевтың төрағалық етуімен, депутаттық корпус, мемлекеттік органдардың өкілдерінің, ұлттық және халықаралық компания басшыларының қатысуымен  өткен KAZENERGY қауымдастығы Кеңесінің 20-шы мәжілісінде мұнай-газ саласына қолдау көрсететін өзекті мәселелер және қазіргі жағдайдағы мұнай-сервис саласында жұмыспен қамту мәселелері, сонымен қатар қауымдастықтың  EXPO-2017 «Болашақ энергиясы» бағдарламасына қатысуы талқыланды.

Қазақстандағы экологиялық, салықтық және өзге аспектілерді реттейтін заңнаманы өзгерту  компаниялардың қаржы жағдайына оң әсерін тигізеді. KAZENERGY қауымдастығы күрделі  мәселелерге, сонымен қатар осы саладағы кәсіпорындардың қаржы-экономикалық көрсеткіштеріне тұрақты мониторинг жасап тұрады. Осының нәтижесіндегі объективті деректерді талдау компанияларға салынатын жүктемелерді азайтуға, сонымен қатар мұнай-газ саласындағы шамадан тыс  әкімшілік кедергілерді жоюға  бағытталған адекватты заңнамалық механизмдерді жасап шығаруға мүмкіндік береді.

Қауымдастық Кеңесінің мәжілісінде KAZENERGY қауымдастығының Бас директоры  Болат Ақшолақов  жер қойнауын пайдаланушылардың қызметтерін реттейтін  басты-басты заңдарды жетілдіру жөніндегі қауымдастық мамандарының сарапшылық-аналитикалық қолдау бойынша жұмыстарының нәтижесі туралы ақпаратты ұсынды.

Мемлекет осы саланың ұсыныстарына қолдау білдірді және қазірдің өзінде экологиялық реттеу шеңберіндегі қазыналық емес жүктеме бойынша  бірқатар күрделі өзгерістер қабылдады. Биылғы жылдың сәуір айында  қабылданған тиісті заңдар эмиссия мәселелерінде экологиялық заңнаманы толық орындайтын, шығарындылардың, қалдықтарды сақтаудың, газды амалсыз технологиялық өртеудің шектеулі деңгейін бұзбайтын, парниктік газдар бойынша нормаларды сақтайтын    және  т.б. адал жұмыс істейтін кәсіпорындарға салынатын шамадан тыс қаржы жүктемесін азайта отырып, экологиялық кодексте бұрын жіберілген кемшіліктерді жойды.

Салықтық реттеу шеңберінде мұнайдың әлемдік төмен бағасы өндіруші компаниялардың күрделі шығындарының деңгейіне және мүнай-сервис секторына  қолдау білдіру мақсатында салық жүктемесін адекватты азайту бойынша әрі қарай шара қолдану қажеттігін туғызады. Осыған байланысты, қауымдастық Кеңесінің мәжілісінде KAZENERGY, «Атамекен» ҰКП және салалық министрліктің  ЭКБ мөлшерлемесін әрі қарай азайту, рентабельдігі төмен кен орындарында ПҚӨС бойынша жеңілдіктер қолдануға берілген өтініштердің қаралуын жылдамдату,  вакуумдық газойльға мазут бажы деңгейінде кедендік әкетілім бажының мөлшерлемесін белгілеу, отандық мұнай өндіруші-жеткізушілер үшін акциз мөлшерлемесін азайту  және басқа да механизмдер мәселелері  бойынша бірлескен жұмыстарының бағыттары талқыланды.  

Қауымдастық барлық мүдделі тараптармен бірлесіп және алдыңғы қатарлы шетелдік тәжірибені ескере отырып, Қазақстандағы жер қойнауын пайдаланушылардың бәсекеге қабілеттілігін арттыруға бағытталған Жер қойнауы туралы  кодекстің жаңа жобасы бойынша ауқымды жұмыстарды жүргізіп жатыр. Геологиялық барлауға жеке инвестициялар тарту, сонымен қатар әкімшілік кедергілерді барынша азайту мақсаты алға қойылды.

Сондай-ақ мәжілісте EXPO-2017 «Болашақ энергиясы» халықаралық мамандандырылған көрмесін өткізуге мұнай-газ саласының қатысуы  бойынша жоспарлар ұсынылды және  талқыланды.

                ЭКСПО-2017 ашылуында БҰҰ бастамасымен «Тұрақты даму энергетикасы» БҰҰ ЕЭК Министрлік конференциясын және Халықаралық Форумын өткізу жоспарланып отыр. Іс-шараны жоғары деңгейде өткізу туралы KAZENERGY ұсынған бастаманы Қазақстан Үкіметі, БҰҰ аймақтық комиссиясының басшылары, сонымен қатар БҰҰ ЕЭК (ЭСКАТО, ЭСКЗА, ЭКА, ЭКЛАК) барлық 56 мүшесі  қолдау білдірді. Қазіргі уақытта бағдарлама  жобасы әзірленді, өзекті мәселелер және тақырыптар қаралуда.  Құрамына ҚР СІМ,  ҚР ЭМ,  «Астана ЭКСПО - 2017» ҰК АҚ өкілдері кіретін Жұмыс тобы құрылды.  

ЭКСПО-ның соңғы күндерінде, 2017 жылғы қыркүйекте XI  Еуразиялық KAZENERGY  Форумын өткізу жоспарланып отыр.

KAZENERGY қауымдастығының білім беру бағдарламасын іске асыру бойынша жоспарлар мен нәтижелерді жариялау Кеңестің күн тәртібіндегі аса маңызды тармақтардың бірі болды.  Ірі компаниялармен және құзыретті органмен жасалған Кадрларды даярлау саласындағы өзара ынтымақтастық туралы меморандум негізінде, ашық өткізілген байқау нәтижесінде 3000 өтініштен ірі жер қойнауын пайдаланушылар есебінен оқу ақысы төленетін 300 үміткер іріктеп алынды.   Бағдарламаға мұнай-газ саласында талап етілетін кәсіптік мамандықтар бойынша мамандар даярлайтын 25 қазақстандық және шетелдік жоғары және орта оқу орындары қатысады.

 Қазақстан Республикасының Тәуелсіздігінің 25 жылдығын  мерекелеу шеңберінде қауымдастық Кеңесінің мәжілісінде «Тәуелсіз Қазақстан Мұнайы» бойынша жоспарлар  ұсынылды.  Тәуелсіздік жылдарында мұнай индустриясы  еліміздің дамуына зор үлес қосты. Осы жоба шеңберінде Қазақстанның экономикасы дамыған мемлекет ретінде қалыптасуының ажырамас  бөлігі болып табылатын мұнай-газ және энергетика саласының дамуы туралы қызықты әрі  айқын деректер көпшілікке ұсынылатын болады. Жоба шеңберінде кітап шығару, соның ішінде балаларға арналған мамандандырылған басылымдар шығару, фотокөрмелер ұйымдастыру, видеофильмдер түсіру, мұнай-газ саласы қызметкерлерінің қатысуымен спартакиадалар  мен  шығармашылық байқаулар өткізу  қарастырылып жатыр.

KAZENERGY қауымдастығының

Баспасөз қызметі

 

+7172 790173, 790181

Shaira@kazenergy.com


PDFБаспаға жіберуE-mail
 

Комментарий жазу


Қауіпсіздік  коды
Жаңарту