Ұлыбританияның Сауда және инвестиция министрлігінің (UKTI) өкілдері бүгін KAZENERGY қауымдастығының офисіне келді.

размер шрифта: Aa | Aa
26.05.2016 15:58
13310545_1246406222051356_7031430016902952510_n

Мұнда Ынтымақтастық туралы меморандумның және Лорд Астордың  Қазақстан Республикасына сапары шеңберінде “PSA” ЖШС-мен кездесу өтті.  Мәжіліске Жоғары Мәртебелінің ҚР-дағы өкілінің орынбасары  Сара Пиккеринг, Ұлыбритания Корольдігі Елшілігінің  және сол елдің жетекші оператор-компанияларының басқа да өкілдері қатысты.

Атап айтсақ, инвестициялық даму, мұнай-газ және энергетика салаларындағы әріптестік, жер қойнауын пайдалануға қатысу мәселелері талқыланды. ТШО, КПО, НКОК бөлімшелерінің басшылары өз кезегінде   қонақтарға өз компанияларының қызметтері, барлау және өндіру бойынша жобалары, әлеуметтік бағыттары және қазақстандық үлесі  туралы әңгімелеп берді. Мұнай өндіру, мұнай сервисі және консалтинг  саласындағы британдық компаниялардың жұмысы жоғары бағаланды.

 Қазақстанмен диалог  іс жүзінде барлық аспектілерді, инвестициялық климатты, бірлескен өндіріс, қауіпсіздік және т.б. қамтыды.  Ұлыбритания  біздің елімізді Орталық Аия аймағындағы маңызды стратегиялық серіктес ретінде қарастырады.  Мәжіліске қатысушылар өзара тиімді ынтымақтастықтың әртүрлі формаларын талқылау үшін  байланысты одан әрі дамыту және мәжілістер ұйымдастырып тұру туралы шешім қабылдады.

PDFБаспаға жіберуE-mail
 

Комментарий жазу


Қауіпсіздік  коды
Жаңарту