07.06.2016 ж. KAZENERGY қауымдастығының өндіруші саланың ашықтығы бастамасын (ӨСАБ) іске асыру жөніндегі жұмыс тобының мәжілісі

размер шрифта: Aa | Aa
09.06.2016 11:02
13394049_1254911121200866_7339629378822585435_n

Қауымдастық мүшелері, сонымен қатар ҚР Геология комитетінің және Дүниежүзілік банктің  өкілдері ӨСАБ жаңа стандартына сай  бенефициарлық құқықты ашу бойынша шараларды талқылады.

Компаниялар әзірлеменің  осы мәселені іске асыру жөніндегі  Жол картасын Мүдделі тараптардың ұлттық кеңесімен (МТҰК)  бірлесіп  әзірлеудің жоғары маңызын  атап көрсетті және оған белсене атсалысуға ниет білдірді.

Биылғы жылдың мамыр айында МТҰК мәжілісі болды, онда ӨСАБ Халықаралық Басқармасы ұсынған және ҚР Үкіметі қабылдаған бенефициарлық құқықтарды ашу талаптарын орындау нұсқасына келісім жасау туралы шешім қабылданды.  Оған қоса мәжіліске қатысушылар  Қазақстан Республикасының алдағы валидтеуден өту рәсіміне қатысты  мәселелерді қарады.   
Ескерту.  2016 ж. 25-26 қазанда  Астана қ.  ӨСАБ бойынша Ұлттық конференция орайластырылған Халықаралық Басқарма мәжілісін өткізу жоспарланып отыр.   

PDFБаспаға жіберуE-mail
 

Комментарий жазу


Қауіпсіздік  коды
Жаңарту