«Орталық Азиядағы мұнай өңдеу және мұнай химиясы» ІІІ халықаралық конференциясы

размер шрифта: Aa | Aa
17.06.2016 12:04
downstream

 

 «Орталық Азиядағы мұнай өңдеу және мұнай химиясы» ІІІ халықаралық конференциясы

KAZENERGY қауымдастығының қолдауымен  Астанада  III «Орталық Азиядағы мұнай өңдеу және мұнай химиясы» атты ІІІ халықаралық конференциясы өтті. Конференцияда ҚР Энергетика Вице-министрі   Мағзұм Мырзағалиев пен  KAZENERGY қауымдастығы Төрағасының Орынбасары Ұзақбай  Қарабалин құттықтау сөз сөйледі.

Негізгі сессиялар мұнай өңдеу және мұнай химиясын дамыту стратегиясына және аймақтағы саланың тұрақты дамуын және тәуелсіздігін  қамтамасыз етуге арналды. Меморгандар мен әртүрлі компаниялардың өкілдері әлемдегі макроэкономикалық көрсеткіштердің әсер ету параметрлерін, Орталық Азияның өнеркәсіптегі валюта құбылмалылығын қарап,  талқылады. Қазақстандағы мұнай өңдеу өндірісіне, үш МӨЗ жаңарту процесіне  шолу жасалды.  Өз сөзінде Ұзақбай Сүлейменұлы былай деп атап көрсетті: «Мұнай-газ саласы қазір жолайырықта тұрған сала,  әртүрлі пікірлер мен болжамдар көп. Соңғы жылдары  барлау және өндіру саласына ғана емес, сол сияқты мұнай және газ өңдеу саласына  көптеген факторлар өз әсерін тигізді. Сонымен бірге жаһандық мұнай-газ  кешені әлі де өз әлеуетін жоғалта қоймайды дегенге сенгіміз келеді. Жиырмасыншы және жиырма бірінші ғасырларда мұнайды әлем экономикасының төрінен ығыстыру әрекеттері әлденеше рет жасалды, бірақ ол әлі де негізгі нарықтық тауар болып қалып отыр».

Көптеген сарапшы-қатысушылар мұнай бағасы бірте-бірте өседі және өндіру көрсеткіші жақсарады  деген ортақ болжамға тоқталып отырғанын атап көрсеткен жөн. Қиын кезеңдерді бастан өткеріп отырғанымен энергетика индустриясы  баланс пен тұрақтылық  кезеңіне  қарай аяқ басып отыр. Әлемде қазба көмірсутек рөлі  әлі де сақталып тұр. Қазақстанның мұнай-газ саласы мұнай өңдеу және мұнай химиясы саласын тиімді дамытуға және құруға бағытталуда.  Мұнай өңдеу республиканың ЖІӨ 1,2%-ын ғана құрайды   және бұл өте төмен көрсеткіш.  Осы бағыттағы мәселелерді шешудегі басқа мемлекеттердің  тәсілдері мен тәжірибесі осыларға  байланысты қызықтырып отыр.   

PDFБаспаға жіберуE-mail
 

Комментарий жазу


Қауіпсіздік  коды
Жаңарту