Халықаралық қорларды есептеу жүйесін енгізуге тұжырымдамалық тәсілдер

размер шрифта: Aa | Aa
22.06.2016 10:51
13516357_1266251643400147_2443445023007462841_n

Астанада биылғы жылдың 18-маусымында  ҚР Энергетика министрлігі, компаниялар, салалық бірлестіктердің өкілдерінің қатысуымен «Атамекен» Қазақстан Республикасы  Ұлттық кәсіпкерлер палатасы Мұнай-газ өндірісі комитетінің  18-ші мәжілісі өтті, онда   халықаралық қорларды есептеу жүйесін енгізу бойынша жұмыстарды жүргізуге және жер қойнауының тиімді игерілуін бақылауды қамтамасыз етуге  байланысты мәселелер талқыланды.

KAZENERGY қауымдастығының пікірінше қорларға сараптама жасау және халықаралық қорларды есептеу жүйесін енгізу тақырыбы  жаңа «Жер қойнауы және жер қойнауын пайдалану туралы» кодексін әзірлеу шеңберіндегі аса маңызды тақырыптардың бірі болып табылады.  Оған қоса мәжіліске қатысушылар КазТрансОйл компаниясының табыстарын, шығындарын және іске қосылған активтерін бөлек есепке алу қағидасына өзгерістер енгізу бойынша ұсыныстарды тыңдады және тұжырымдамалық қолдау білдірді, сонымен қатар «Атамекен» ҚР ҰКП Президиумы МГӨК хаттамалық шешімдерін орындау жөніндегі KAZENERGY қауымдастығының есебін тыңдады. KAZENERGY компания үшін маңызды  жер қойнауындағы салық саясаты, экологиялық реттеу, офсеттік саясат және басқалары бойынша меморгандармен тығыз бірлестікте  жұмыс атқарып жатыр.  

Мәжілісте  ҰКП-нің сервис саласындағы жекелеген атқарымдарын жүзеге асыру туралы ҚР ҰКП және Қазақстан сервистік компаниялар одағы арасындағы шарт жобасы мақұлданды.   

Баспасөз қызметі

+77172 790173

Бұл e-mail спам-боттардан қорғалған, оны көру үшін сізде Javascript қосулы болу керек


PDFБаспаға жіберуE-mail
 

Комментарий жазу


Қауіпсіздік  коды
Жаңарту