KAZENERGY қауымдастығының ғылыми-техникалық кеңесі салалық компанияларды мұнай-газ және энергетиканың ғылыми әзірлемелерімен таныстыруды жалғастыруда.

размер шрифта: Aa | Aa
03.08.2016 15:27

KAZENERGY қауымдастығының ғылыми-техникалық кеңесі салалық компанияларды мұнай-газ және энергетиканың ғылыми әзірлемелерімен таныстыруды жалғастыруда.   29-шілдедегі өткен мәжілісте Қ.И.Сәтпаев ат. ҚазҰТУ, «ҚазМұнайГаз» Барлау және Бұрғылау Технологиялары ҒЗИ»  ЖШС,  басқа да ресейлік және қазақстандық кәсіпорындардың өкілдері таныстыру жасады.

Химиялық реагенттер өндірісі, мұнай беруді арттыруға арналған полимерлік ылғалдандыру технологиясы, өткізгіштігі әртекті қабаттан мұнай алудың жаңа технологияларын тәжірибелік-өнеркәсіптік сынау, геологиялық-геофизикалық деректер базасын құру, мұнай өндіруде, жол-құрылыс материалдары өндірісінде күкірт қалдықтарын пайдалану   және тағы да басқа көптеген мәселелер бойынша қызықты таныстырулар тыңдалды және талқыланды. Бүгінде ғылыми-зерттеу орталықтары жүргізіп отырған әртүрлі әзірлемелер, кәсіпорын зертханалары өндірістегі және  мұнай өндірісіндегі жұмыс сапасын жақсартуға және жеңілдетуге, сондай-ақ экологиялық қиынлдықтармен күресуге бағытталғанын атап көрсеткен жөн. Мысалы, мұнай және газды өндіру және қайта өңдеуден алынатын күкірт сияқты қалдықтар жол қабатын салуға пайдаланылуы тиіс. Күкірт-асфальт-бетон қарапайым  асфальтты бетонға қарағанда төзімдірек, тез тозбайды, температура өзгерістеріне шыдамды. Қалдықтарды кәдеге жарату мәселесін экономикалық тиімді технологиялар шешпек. Осыған байланысты күкіртті қолдану оңтайлы шешімдердің бірі болуы мүмкін, себебі қалдықтарды жәй көме салу және өртеп жіберу қоршаған ортаны  ластайды. Қызмет барысында тұтас аумақ бойынша көшіп жүретін (мұнай өндірісіндегі, мұнай-газ құбырлары құрылысындағы вахталық жұмыстар  және т.б.) сала қызметкерлері үшін болашақта заманауи тұрғынжай немесе офис бола алатын «Мобильді үй» жобасы аса қызықты жоба болды. Жеңіл, транспортабельді  құрылыс конструкциялары көлемі бойынша жеңіл көшіріледі, онда ЖЭК пайдалануға болады.

1-03.08.162-03.08.16

3-03.08.16

PDFБаспаға жіберуE-mail
 

Комментарий жазу


Қауіпсіздік  коды
Жаңарту