«Экология, технология және инновациялар» - Ұзақбай Қарабалиннің төрағалық етуімен өткен KAZENERGY Ғылыми-техникалық кеңесі (ҒТК) кезекті мәжілісінің басты тақырыбы.

размер шрифта: Aa | Aa
27.10.2016 18:37

«Экология, технология және инновациялар» - Ұзақбай Қарабалиннің төрағалық етуімен өткен KAZENERGY Ғылыми-техникалық кеңесі  (ҒТК) кезекті мәжілісінің басты тақырыбы. Энергетика министрлігі және бірқатар компаниялардың өкілдері ластанған аумақты тазарту, өндірістердегі көмірсутекті шикізатын пайдалануға байланысты қалдықтарды өңдеу және кәдеге жарату бойынша заманауи инновациялық технологиялық әзірлемелердің презентацияларымен танысты. 

Ғылыми-зерттеу кәсіпорындарының мамандары жерді, топырақты, суды биорекультивациялау және биотазарту есебінен өнеркәсіптік қалдықтарды жою арқылы қоршаған ортаның ластануымен күресу тәсілдері туралы әңгімелеп берді.

Өз кезегінде салалық компаниялардың, атап айтқанда «ҚазМұнайГаз» барлау Өндіру» АҚ  өкілдері құрамында гуматтары бар композиттік материалдар негізінде энергия өндіретін қоспаларды пайдалана отырып мазутталған топырақты жою, сонымен қатар  гидромеханикалық әдіс пен BioBox технологияларын қолдану тәжірибелерімен бөлісті.

Сол уақытта NCOC Каспий қайраңында теңіздегі ұңғыманы бұрғылау кезінде қабатқа бұрғылау қалдықтарын айдау әдісін қолданады.

Мәжіліс барысында теңізге мұнай төгілуі, ҚР-дағы мұнай төгілуінің  әлеуетті тәуекелдері  және апат кезінде әрекет ету  мәселелері қаралды.

KAZENERGY ҒТК – мұнай-газ саласының әртүрлі бағыттары бойынша ғылыми әзірлемелерді талқылауға, сонымен қатар оған қатысушы-Қауымдастыққа мүше компаниялар арасындағы әрекеттестікті жолға қою және жалғастыру мүмкіндіктеріне  арналған интерактивті алаң.

KAZENERGY қауымдастығының

баспасөз қызметі

27.10.16-nts_n

27.10.16-nts2_n

27.10.16-nts1_n

PDFБаспаға жіберуE-mail
 

Комментарий жазу


Қауіпсіздік  коды
Жаңарту