2016 жылы 31-қазанда Астанада KAZENERGY қауымдастығы Дүниежүзілік мұнай кеңесімен (ДМК) бірлесіп ұйымдастырған «Жергілікті үлесті дамыту және интеграциялық процестер» сарапшылық семинары өтті

размер шрифта: Aa | Aa
01.11.2016 18:20

 

ЖЕРГІЛІКТІ ҮЛЕСТІ ДАМЫТУ ЖӘНЕ

ИНТЕГРАЦИЯЛЫҚ ПРОЦЕСТЕР     

 

 

2016 жылы 31-қазанда Астанада KAZENERGY қауымдастығы Дүниежүзілік мұнай кеңесімен (ДМК) бірлесіп ұйымдастырған «Жергілікті үлесті дамыту және интеграциялық процестер» сарапшылық семинары өтті

 

Мәжіліске министрліктер, агенттіктер, ұлттық және халықаралық компаниялар, салалық қауымдастықтардың және т.б. өкілдері қатысты.  Іс-шараның ашылуында Дүниежүзілік мұнай кеңесінің Президенті Йозеф Тот,  KAZENERGY қауымдастығы Төрағасының Орынбасары,  ДМК Президентінің арнайы кеңесшісі Жамболат Сәрсенов сөз сөйледі.

Күн тәртібі Қазақстан мен шет мемлекеттердің тәжірибесін талдауға және жергілікті үлесті дамыту мәселелеріне шолу жасауға арналды. Осы саладағы дамудың  және отандық өндірушілердің көзқарасымен бәсекелес нарықты қалыптастырудың  күрделі мәселелеріне баса назар аударылды. Біздің елімізде жергілікті өндірушілерді қорғау шаралары қандай  және ДСҰ және ЕЭК кіруін ескере отырып, қазіргі жағдайы қандай? Заңнамалық база бөлігінде сарапшылар Жер қойнауы туралы кодексті, сатып алуларды мемреттеу, техникалық реттеу, стандарттар мен сертификаттарды әзірлеу,  сонымен қатар жұмыспен қамту тақырыбы, кәсіби дағдыларды дамыту, деректер базасын пайдалануды талқылады, жергілікті үлесті дамыту құралдарын қарады.   ҚР Энергетика министрлігі жер қойнауын пайдалану департаменті директорының орынбасары Сәкен Шәкіров өзінің баяндамасында былай деп атап көрсетті: «2015 жылы Қазақстан ДСҰ және ЕЭК 162-ші толық құқықты мүшесі болып, өзінің әлемдік аренадағы позициясын нығайтты. Интеграциялық процестер жағдайында отандық өндірушілер мен жеткізушілерге  олардың тауарлары мен қызметтерін жер қойнауын пайдаланушылардың мәжбүрлі  сатып алуы арқылы ғана  ынталандыру шараларын қолданып қоя салу мүмкін емес екені анық. Сәйкесінше отандық өндірушілерді баламалы қолдау шараларын енгізу қажет, осы шаралар, біздің ойымызша, Жер қойнауы және жер қойнауын пайдалану туралы кодексте бейнеленуі тиіс. Атап айтқанда, қазақстандық үлесті дамытудың ажырамас бөлігі болып табылатын және ДСҰ талаптарына қайшы келмейтін жер қойнауын пайдаланушылардың сатып алуларын мемлекеттік реттеуді қазіргі  өмір шындығына сәйкестендіріп, сақтап қалу керек». Интерактивті панельде жер қойнауын пайдаланушылар, оның ішінде Теңіз кен орнының операторы – жетекші компаниялардың бірі  Теңізшевройл өз пікірлері мен тәжірибелерін ортаға салды. ТШО деректеріне сай, қазіргі уақытта, болашақ ұлғайту жобасы (БҰЖ) және сағалық қысымды басқару (СҚБ) жобаларындағы қазақстандық үлес бойынша шығындар 1,3 млрд. АҚШ долларын құрады.  Қазақстандағы Shell және  MOL Group сияқты концерндерге де біршама міндеттемелер жүктелген. Олар үкімет, мұнай-газ операторлары және тауарлар мен қызметтердің жеткізушілері арасындағы өзара әрекеттестікті құру арқылы дүниежүзі бойынша жергілікті үлесті дамытуға бағытталған қызметтерге баса көңіл аударып отыр. Бұл жағдайда Shell «Жеңімпаз-жеңімпаз» стратегиясын басшылыққа алады.  Осы орайда жергілікті мамандарды оқыту, біліктілікті арттыру тренингтері, курстарын жүргізу және   т.б. инвесторлар үшін басты рөл атқарады.   

            Тәуелсіздік жылдарында Қазақстан Республикасында жергілікті үлесті дамыту бойынша ауқымды жұмыстар жүргізілді, алайда, бүгінгі күні отандық тауарлар, жұмыстар мен қызметтердің өндірісі мен сатып алу ауқымы импортталатын ауқыммен салыстырғанда анағұрлым төмен. 2010 жылдан бастап 2015 жылға дейін жер қойнауын пайдаланушылардың  сатып алуларындағы жергілікті үлес  2,5 есеге өскен -  680 миллиард теңгеден  1,8 триллион теңгеге дейін.

Қазақстандық кәсіпорындарды тұрақты дамыту үшін мұнай-газ саласына қатысты,  қолданыстағы өндірістерді қазірдің өзінде жаңарту және тиімділігін  арттыру, технологиялар трансфертін жүзеге асыру, құзыретті кадр әлеуетін қалыптастыру  қажет.

Осылайша, сарапшылық семинардың мақсаты негізгі кедергілерді талдауға және отандық үлесті дамыту саласындағы мемлекеттік саясатты жетілдіру бойынша бірлескен ұсыныстар жасауға бағытталды.

Осыған байланысты, алдыңғы қатарлы шетелдік тәжірибені зерттеу  және осы бағыт бойынша Дүниежүзілік мұнай кеңесіне мүше елдермен халықаралық ынтмақтастықты дамыту ерекше қызығушылық туғызып отыр.                    

KAZENERGY қауымдастығы қазақстандық және халықаралық сарапшылар әзірлеген ұсыныстарды зерттейді.  Жергілікті үлесті жетілдіру бойынша алынған нәтижелер, тұжырымдар мен ұсыныстар жинақталып, 2017 жылы Стамбул қ. (Түркия) өтетін XXII Дүниежүзілік мұнай конгресінің арнайы сессиясы шеңберінде  таныстырылады.

 01.11.16

01.11.16-1

01.11.16-2

01.11.16-4

01.11.16-5

01.11.16-6

01.11.16-7

KAZENERGY қауымдастығының

баспасөз қызметі

+7(7172) 790181, 790173
PDFБаспаға жіберуE-mail
 

Комментарий жазу


Қауіпсіздік  коды
Жаңарту