2016 ж. 24-қарашада KAZENERGY қауымдастығында Экология, әлеуметтік жауаптылық және ашықтық жөніндегі Үйлестіру Кеңесінің кезекті мәжілісі өтті

размер шрифта: Aa | Aa
25.11.2016 00:00

2016 ж. 24-қарашада KAZENERGY қауымдастығында Экология, әлеуметтік жауаптылық және ашықтық жөніндегі Үйлестіру Кеңесінің кезекті мәжілісі өтті

 

Үйлестіру кеңесінің мәжілісі барысында қатысушылар қауымдастықтың Қазақстан Республикасының экологиялық заңдарын жетілдіру бойынша жұмыстарының нәтижесімен және 2017 жылға арналған жұмыс жоспарымен танысты. Осы орайда, халықаралық міндеттемелерді ескере отырып, парниктік газдардың шығарындыларын мемлекеттік реттеу тәсілдері қаралды.

Қазақстанның парниктік газдардың атмосфераға шығарындыларын реттейтін Киото хаттамасына және Париж келісіміне қосылғаны мәлім. Осылайша, біздің еліміз  өңірлік, сол сияқты халықаралық масштабта климат өзгерістерімен күресуге даярлықтарын растады. Жоғарыда аталған  құжаттардың шарттары қазақстандық заңдармен сәйкестендіруді талап етеді және барлық саладағы энергия тиімділігін өсіруге бағытталған.  Қазіргі уақытта парниктік газдарды мемлекеттік реттеу шаралары квоталау бөлігінде 2018 жылғы 1-қаңтарға дейін тоқтатылды.    

Оған қоса, Энергетика министрлігінің бастамасымен былтырғы жылғы жаздан бастап жұмыстар жүргізіліп жатқан НҚА өндірістік және тұтыну қалдықтарына қатысты өзгерістер енгізу мәселелері қаралды.

11 жылдан бері жүргізіліп келе жатқан Қазақстанның 2016 жылы ӨСАБ  іске асыру қызметтері туралы есеп күн тәртібінің тағы бір тармағы болды.  Бұл  жоба  маңызды халықаралық мәртебеге ие және  саяси әрі жемқорлыққа қарсы сипаттағы құжат, жоба   компаниялар мен үкіметтің  өндірістік сектордағы табыстарының ашықтығына бағытталған. Жер қойнауын пайдаланушылардың ӨСАБ өзара түсіністік туралы меморандум шартарын сақтау  және халықаралық стандарттарға сәйкес аудитпен расталған ел бюджетіне төленетін салық және басқа да төлемдер бойынша есеп беру міндеттемелері заңнамалық деңгейде бекітілген.  2015 жылғы 11-ші Ұлттық есепте KAZENERGY  қауымдастығының бастамасымен Үкімет мен компаниялардың табыстары  бойынша деректер ғана салыстырылып қоймай, сонымен бірге өндіруші компаниялардың келісімшарттық міндеттемелерді орындауы шеңберінде  өңірлердің әлеуметтік-экономикалық дамуын қаржыландыру бойынша салыстырулар алғаш рет  жарияланды. 

KAZENERGY қауымдастығының

баспасөз қызметі

+77172 790181, 790173
PDFБаспаға жіберуE-mail
 

Комментарий жазу


Қауіпсіздік  коды
Жаңарту