2016 жылы 24-желтоқсанда Алматы қ. «Инновациялық технологиялар паркі» АЭА “KBTU Drilling Center” бұрғылау орталығы ресми түрде ашылды.

размер шрифта: Aa | Aa
29.12.2016 09:49

2016 жылы 24-желтоқсанда  Алматы қ. «Инновациялық технологиялар паркі» АЭА  “KBTU Drilling Center” бұрғылау орталығы ресми түрде ашылды. Салтанатты шараға Алматы қаласының әкімі Бауыржан Байбек, «Самұрық Қазына» ҰӘҚ» АҚ басқармасының төрағасы Өмірзақ Шүкеев,   «ҚБТУ»  АҚ ректоры Искандер Бейсембетов, KAZENERGY қауымдастығы, НКОК және басқа да салалық компаниялардың өкілдері қатысты,

Қазіргі заманғы DrillSim-5000 бұрғылау тренажер-симуляторы KAZENERGY Қазақстан мұнай-газ және энергетика кешені ұйымдарының қауымдастығының белсенді атсалысуымен және НКОК компаниясының көмегімен сатып алынды. Іс-шара барысында әртүрлі деңгейдегі мамандарды  орталықтар базасында оқыту саласындағы қатынастарды дамытуға бағытталған «ҚБТУ»  АҚ және  НКОК арасындағы өзара ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойылды.  

KBTU Drilling Centre – жоғары технологиялық оқу-тренажерлық орталық. ТМД-да аналогы жоқ ерекше нысан. Сервистік компаниялардың операторларын, мұнай-газ инженерлерін, бұрғылаушы мердігерлерін, техникалық кадрларын кәсіби даярлайтын халықаралық стандарттарға толық сай келеді. Бұл жабдық: психологиялық үйлесімділікті тексеру және бұрғылау бригадасының персоналын жабдықпен таныстыру; типтік және стандартты емес технологиялық операцияларды пысықтау; болуы мүмкін қиындықтар мен әртүрлі жағдайларды есепке ала отырып, бұрғылау және барлау жұмыстарының әртүрлі сценарийлерін пысықтауға арналған. Drill Sim тренажерлерінің басты ерекшелігі -  жұмыс аймағының барлық интерфейстері атқарылатын құрылықтағы және қайраңдағы пайдалану жағдайларының, операторлық жағдайлардың шынайы деңгейде болуы, ал тренировкалар нақты уақыт режимінде жүргізіледі.   

KAZENERGY қауымдастығының

баспасөз қызметі

+77172 790173, 790181

PDFБаспаға жіберуE-mail
 

Комментарий жазу


Қауіпсіздік  коды
Жаңарту