Қазақстан Республикасы БҰҰ ЕЭК «Энергетикалық бетбұрыстар» көрмесіне қатысты

размер шрифта: Aa | Aa
23.01.2017 15:44

2017 жылғы 19-қаңтарда Женевадағы БҰҰ резиденциясында Тұрақты энергетика жөніндегі комитеттің 25-ші сессиясының мәжілісі шеңберінде БҰҰ ЕЭК елдеріндегі энергетикалық бетбұрыстарға арналған көрме басталды.  «Энергетикалық бетбұрыстар (ауысулар)» деген термин тұрақты энергетикаға бірте-бірте көшу  және «таза» технологияларды пайдалану есебінен экономикалық өсуді қамтамасыз ету деген мағынаны білдіреді. 

Көрмеде төрт елдің: Қазақстан, Германия, Әзірбайжан және Украинаның тематикалық зерттеулері ұсынылды.  Біздің елдің көрмелік экспозициясы алаңында «Тұрақты энергетика дамуын қамтамасыз ету» министрлік конференциясы (2017 жылғы 11-14 маусым)  және  8-ші Тұрақты энергетика энергетикасы мәселелері жөніндегі халықаралық форум (2017 жылғы 8-9 қыркүйек) өтетін ЭКСПО-2017 «Болашақ энергиясы» халықаралық мамандандырылған көрмесін өткізуге арналды.  Біздің еліміз әлем қауымдастығына энергия ресурстарының қолжетімділігін қамтамасыз етуге бағтытталған баламалы және дәстүрлі энергетиканы баланстап дамытудың озық шешімдерін іздестіру бойынша жаһандық диалог өткізуді ұсынады. Диалог барысында  ағымдағы жаһандық процестер, әлемнің болашақтағы энергетикалық жүйесінде дәстүрлі энергетиканың алатын рөлі мен орны жете түсіндіріледі, сонымен қатар  ұлттық стратегияларды іске асыру бойынша саяси стимулдар дайындалады.

Әзірбайжан «Әзірбайжан призмамен қарағанда: Энергияның өткені мен болашағы» тақырыбында зерттеулер ұсынды, Германия энергетикалық бетбұрыс тұжырымдамасын, яғни жаңармалы энергия көздеріне көшу жөніндегі ел үкіметі таңдаған бағытты ұсынды («Energiewende»), ал Украина  өз кезегінде «Чернобыльдан кейінгі Украина» тақырыбында  Чернобыль АЭС техногендік апат салдарына арналған зерттеулерді ұсынды.

Бұл көрмені аймақтық комиссия алғаш рет өткізіп отыр. Шараны БҰҰ ЕЭК Атқарушы Хатшысы және БҰҰ Бас Хатшысының Орынбасары Кристиан  Бах, сонымен қатар БҰҰ ЕЭК Тұрақты энергетика комитеті Бюросының  Вице-Төрағасы және  KAZENERGY қауымдастығының Атқарушы директоры  Рамазан  Жампейісов  ашты.

Оған қоса көрме қатысушылары алдында  БҰҰ жанындағы Әзірбайжанның Тұрақты Елшісі Вагиф Садыгов, Еуропалық Әзірбайжан Қоғамының басшысы Лионель Зеттер, экономикалық мәселелер жөніндегі бөлімнің басшысы Уве Петри  және Украина Жоғарғы Радасының мүшесі  Валерий Писаренко  сөз сөйледі.

*БҰҰ Еуропалық экономикалық комиссиясы — Біріккен Ұлттар Ұйымының бес аймақтық комиссиясының біреуі. Оны БҰҰ Экономикалық және Әлеуметтік  кеңесі (ЭКОСОС) 1947 жылы  БҰҰ ЕЭК аймақтары ішіндегі және осы аймақ пен қалған әлем арасындағы экономикалық байланыстарды нығайту және экономикалық қызметтерді дамыту мақсатында құрған болатын.

БҰҰ ЕЭК үкімет үшін   мүше мемлекеттер арасындағы іс-қимылдарды үйлестіру және пікір алмасуларды жеңілдету үшін конвенциялар, стандарттар мен нормалар әзірлейтін аймақтық форум ретінде қызмет етеді. БҰҰ ЕЭК осы атқарымдарды орындай отырып тұтынушыларға қауіпсіздік пен сапаны қамтамасыз етеді, қоршаған ортаны қорғауға көмектеседі, сауда процедурасын оңайлатады, сонымен қатар өңір ішіндегі мүше мемлекеттердің тығыз байланыстар жасауына және олардың әлем экономикасына толық интеграциялануына жағдай жасайды.
PDFБаспаға жіберуE-mail
 

Комментарий жазу


Қауіпсіздік  коды
Жаңарту