«KAZENERGY» қауымдастығының кеңесі: бірінші кезекте 2017 жылғы жұмыстар – «ЭКСПО-2017 «Болашақ энергиясы» көрмесін қолдау.

размер шрифта: Aa | Aa
26.01.2017 18:22

«KAZENERGY» қауымдастығының кеңесі: бірінші кезекте 2017 жылғы жұмыстар – «ЭКСПО-2017 «Болашақ энергиясы» көрмесін қолдау.

Биылғы жылдың 25-қаңтарында Тимур  Құлыбаевтың төрағалық етуімен KAZENERGY қауымдастығы кеңесінің кезекті 21-мәжілісі өтті.   

Бұл жыл сайын өтетін шара, мұнда қауымдастыққа мүше компаниялардың барлық өкілдері  ағымдағы қызметтердің маңызды мәселелерін  ортаға салып, алдағы жылға арналған жобалар мен жоспарларды талқылайды.

Осы мәжілістің күн тәртібінде қауымдастықтың Атқару комитетінің 2016 жылы атқарылған жұмыстар туралы есебі тыңдалды, 2017 жылға арналған KAZENEGY Жылдық жұмыс жоспары мен мақсатты жобалар тізімі,  сонымен қатар «ЭКСПО-2017 «Болашақ энергиясы» халықаралық мамандандырылған көрмесі шеңберінде қауымдастық өткізетін бірқтар шараларды ұйымдастыру мәселелері  де талқыланды.

Қауымдастық Төрағасы Тимур Құлыбаев мәжілісті аша отырып, өз сөзінде өткен жылдың мұнай-газ саласы үшін қиын болғанын – дүниежүзілік энергетикалық нарықта баға  күрт құлдырап,  мұнай-газ компаниялары инвестициялық бағдарламаларды іске асыруда біраз қиындықтарға ұшырағанын  атап өтті.

Отандық мұнай-газ компанияларына келтірілетін жағымсыз әсерлерді барынша азайту үшін Қазақстан Үкіметі  ең алдымен салық және экологиялық заңнама саласында бірқатар жүйелі шаралар қабылдады. «Kazenergy»  қауымдастығы бұл жұмыстарға бесленді қатысты және биыл да  оны жалғастыра бермек.

2017 жылы Мемлекет басшысының халықаралық саясатының арқасында Қазақстан EXPO-2017 «Болашақ энергиясы» халықаралық мамандандырылған көрмесін қабылдайды. KAZENERGY қауымдастығы осы ұлттық жобаға қолдау көрсетуге ерекше назар  аударып отыр. Қауымдастықтың бастамасымен ЭКСПО шеңберінде БҰҰ қамқорлығымен Министрлік конференция және Тұрақты даму энергетикасы жөніндегі сегізінші халықаралық форумды өткізу қолға алынып отыр. 

Көрменің барлық шараларының қорытынды құжаты – Құндылықтар манифесіне кіретін Министрлік декларацияны қабылдау жоспарланған.

Астана қаласында Мемлекет басшысы бастама етіп көтерген,  БҰҰ қамқорлығымен «Жасыл» технологиялар мен инвестициялық жобаларды дамыту жөніндегі халықаралық орталықты құру туралы  әлемдік қауымдастықтың шешімі министрлер деңгейіндегі маңызды оқиғалардың бірі  болмақ.

Оған қоса ЭКСПО жабылатын кезде қауымдастық «Болашақ энергиясын құру» атты XI Еуразиялық KAZENERGY форумын өткізеді.  

Форум алаңында елдің отын-энергетика кешенін дамыту жөніндегі  жаңартылған статистикалық және аналитикалық материалдарды қамтитын KAZENERGY-2017 ұлттық энергетикалық баяндамасы таныстырылатынын атап өткен жөн.

Қауымдастық төрағасының айтуынша,  ЭКСПО-ның  табысты өтуіне, сол сияқты елдің мұнай-газ және  электр энергетикалық кешенінің келешектегі рөлін жалпы айқындауда бұл жобалардың маңызы зор.

Қатысушыларға қауымдастық жұмысы туралы KAZENERGY бас директоры Болат Ақшолақов әңгімеледі. Ол өз есебінде қауымдастықтың басты функционалдық қызметтерінің нәтижелеріне талдау жасады, атап айтқанда: жер қойнауын пайдалану және мұнай өнімдерінің айналымы, салық салу, экология, техникалық реттеу, энергетика, адами капиталды дамыту және халықаралық қызметтер, яғни ол мұнай-газ саласында қажет  етіліп отырған барлық өзекті мәселелерді айтып өтті. Қауымдастық заңнама саласындағы шешімдерді талқылау  және пысықтау жұмыстарына бір жыл бойы жоғарғы деңгейде қатысты. Жер қойнауы және жер қойнауын пайдалану туралы кодекске, Сатып алу қағидасына және басқаларына  ерекше көңіл бөлінді.

Тағы да бір маңызды сала – салық салу саласы. Болат Ақшолақовтың баяндамасында айтылғандай, мемлекеттік органдар тұжырымдамалық салық ұсыныстары пакетінен әрі қарай талқылауға төрт мәселені қабылдады. Қауымдастық мүшелерінің кейбір түзетулері Салық кодексіне енгізілді.

Қауымдастық мынадай ұсыныстар ұсынды: парниктік газдардың шығарындыларын реттеу және қоршаған ортаға эмиссиялау нормативтерінен асырғаны үшін жауаптылықты реттеу саласында, технологиялық бұзылулар және жабдықтардың ақаулары кезінде газды өртеу, техникалық реттеу және стандарттау, Салалық біліктілік шеңбері нормалары бойынша, Орхус  конвенциясын іске асыру, Каспий теңізіне мұнайдың апаттық төгілулері бойынша және көптеген басқа да мәселелер бойынша.

KAZENERGY төрт жылдан бері жалғастырып келе жатқан білім беру бағдарламасы  туралы айтар болсақ,  былтыр Солтүстік Каспий және Қарашығанақ жобаларының қаражаты есебінен 2016-2017 жылғы оқу жылына оқу ақысын төлейтін білім гранттары 590 қазақстандық студентке берілді   (1 млн. АҚШ доллары сомасында). Студенттер күрделі екі деңгейлік байқаудан өтті. Сонымен қатар  2016-2017 оқу жылына арналған KAZENERGY атаулы шәкіртақысы ҚР ЖОО 16 студентіне және колледждердің 15 студентіне берілді.

Жалпы берілген Есепті  қауымдастық мүшелері зор ықыласпен тыңдады,  олар істелген жұмыстарға қолдау көрсетіп, оны әрі қарай жалғастыру бойынша оң пікірлерін білдірді. 

Сондай-ақ  Болат Ақшолақов қатысушыларды биылғы  2017 жылға арналған KAZENERGY жұмыс жоспары туралы хабардар етті. Қауымдастық биыл да «Жер қойнауы және жер қойнауын пайдалану» кодексін және басқа да  құқықтық актілерді, қала құрылысы туралы және архитектуралық құжаттамаларды, сонымен қатар стандарттау бойынша нормативтік құжаттарды  әзірлеу жұмыстарына қатысуын жалғастырмақ. Бірлескен салық және кеден  кодексін қалыптастыру бойынша жұмыстарға баса назар аударылады.

Биылғы жылы  «Kazenergy-2017» ұлттық энергетикалық баяндамасының 3-ші редакциясы бойынша жұмыстарды бастау  жоспарланып отыр. Бұл жоба республиканың барлық сарапшылық қауымдастығы үшін маңызды оқиға болып табылады  және  оған әрдайым  көпшілік  қызығушылық танытады. Мемлекет пен бизнес-қауымдастық маңызды әрі қарапайым шешімдерді қабылдаған кезде баяндама негізінде жасалған тұжырымдар мен ұсыныстардың көмегі тиеді. 

Қауымдастықтың атқарушы директоры Рамазан Жампейісов «ЭКСПО-2017 «Болашақ энергиясы» халықаралық мамандандырылған көрмесі шеңберінде қауымдастық шараларын іске асыру туралы» баяндама жасады. Халықаралық көрме шеңберінде қауымдастық  бірқатар маңызды  шараларды, оның  ішінде: БҰҰ бес аймақтық комиссиясының (ЕЭК, ЭСКАТО, ЭКЛАК, ЭСКАЗА, ЭКА) қамқорлығымен өтетін Министрлік   конференцияны  және  «Энергетиканың тұрақты дамуын қамтамасыз ету» деп  жалпылама аталатын  8-ші Халықаралық форумды (2017 ж. 11-14 маусым), сонымен қатар  «Болашақ энергиясы» XI Еуразиялық KAZENERGY  форумын ұйымдастыратынын атап көрсетті. Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің өкімімен  бұл оқиғалардың ЭКСПО-ның маңызды оқиғалар тізіміне енгізілгенін атап  өткен жөн.

XI Еуразиялық KAZENERGY  форумы  Министрлік  энергетикалық конференция және 8-ші Халықаралық форум шеңберінде басталған саяси диалогтың  салалар мен компаниялар деңгейіндегі жалғасы болмақ. Форум алаңында дүниежүзілік энергетикалық бизнестің басшылары мен өкілдері саланы әрі қарай дамыту жолдарын талқылайды және Ғаламдық Күн тәртібі 2030 негізгі міндеттеріне қол жеткізу мақсатында үкіметпен өзара әрекеттесу және өңірлік аспектілер тұрғысында  тұрақты энергетиканы қамтамасыз ету бойынша нақты ұсыныстар әзірлейді.  

Қауымдастық Төрағасы Тимур Құлыбаев кеңесті қорытындылай келе  KAZENERGY қауымдастығының 6 жаңа мүшесін -  «Маерск Ойл Қазақстан ГмбХ», «MOL (FED) Kazakhstan B.V.», «OMV Petrom S.A.», China Petrochemical Corporation (Чайна Петрокемикал Корпорейшн) компаниясының ҚР-дағы өкілдігі,  «ҚМӨЗ» ЖШС,  «Жобақұрылыссервис»  ЖШС-ны мүшеліктерімен  құттықтап,  сертификат тапсырды.

Салтанатты бөлім әрі қарай жалғасты. Мемлекеттік және қоғамдық қызметте сіңірген еңбегі үшін, елдің әлеуметтік-экономикалық және мәдени дамуына, халықтар арасындағы достық пен ынтымақтастықты нығайтуға  зор үлес қосқаны үшін KAZENERGY қауымдастығының атқарушы директоры  Жампейісов  Рамазан Көпесбайұлы  Қазақстан Республикасының Құрмет грамотасымен марапатталды. Награданы қауымдастық Төрағасы Тимур Құлыбаев табыс етті.

_NIK3588

_PIC7431

 

Баспасөз қызметі

KAZENERGY  қауымдастығы

 (7172) 790181; 790179

PDFБаспаға жіберуE-mail
 

Комментарий жазу


Қауіпсіздік  коды
Жаңарту