Мұнайшылар Қазақстан Республикасының мұнай өнімдері нарығының ҚР Энергетика министрлігі бастама көтерген мәселелерін талқылады

размер шрифта: Aa | Aa
17.02.2017 17:18

Мұнайшылар Қазақстан Республикасының мұнай өнімдері нарығының ҚР Энергетика министрлігі бастама көтерген мәселелерін талқылады

Биылғы жылдың 15-ақпанында «KAZENERGY» қауымдастығында Қазақстан Республикасы энергетика вице-министрі Ә.М.Мағауовтың төрағалық етуімен «Қазақстан Республикасы мұнай өнімдерінің ішкі нарығы» тақырыбында дөңгелек үстел өтті.

Шараның «ҚазМұнайГаз» АҚ,  «ҚазМұнайГаз – өңдеу және маркетинг» АҚ, «ҚазМұнайГаз Өнімдері» ЖШС, «Қазақстан отын қауымдастығы 1»  ЗТЖКБ,  «PetroSun» ЖШС,  «Гелиос» ЖШС,  «МГААО» АҚ сияқты қатысушылары  мұнай өнімдеріне бөлшек сауда нарығында баға белгілеу және тұтынудың, сонымен қатар Ресей Федерациясынан (РФ) әкелінетін жанар-жағармай материалдарының (ЖЖМ) импортына баға белгілеудің  өзекті мәселелерін талқылады.

KAZENERGY Бас директоры Болат Ақшолақов дөңгелек үстелдің ашылуында Қазақстан Республикасындағы мұнай өнімдерінің ішкі нарығы тұтынушылар үшін барынша ашық екенін атап көрсетті және жиналған энергетиктерді ғана емес, отандық БАҚ өкілдерін де саланың барлық маңызды мәселелерін талқылауға  ұсынуға шақырды.  

Дөңгелек үстелдің күн тәртібіне мына компаниялардың өкілдерінің баяндамасы енгізілді:

 «ИАЦНГ» АҚ баяндамасының тақырыбы:  «2000-2016 жылдар ішінде халық және автомобиль санының өсуі динамикасына қатысты 2000 жылдан бастап 2016 жылға дейінгі мұнай өнімдерін тұтыну динамикасы»,

«ҚазМұнайГаз – өңдеу және  маркетинг» АҚ баяндамасының тақырыбы: «Қабылданатын шараларды халыққа жариялау мақсатында ҚР МӨЗ қайта құру және жаңарту»,

«PetroSun» ЖШС баяндамасының тақырыбы: «Мұнай өнімдерін республика аймақтарына тарату механизмі»,

«ҚазМұнайГаз Өнімдері»  ЖШС баяндамасының тақырыбы: «ЖЖМ-ны  франчайзинг жолымен дамыту»,

«Гелиос» ЖШС баяндамасының тақырыбы: «ҚР мұнай өнімдеріне бөлшек сауда нарығында баға белгілеу, сонымен қатар РФ-дан әкелінетін ЖЖМ импортына баға белгілеу».

Осылайша «МГААО» АҚ аналитика және жобаларды талдау департаментінің директоры  Бағдат Қадыров елдегі 2001-2006 жылдар кезеңіндегі  мұнай өнімдерін тұтынудың өсуі туралы әңгімеледі. Жеңіл автокөлік саны 1000 бірлікке өскенде, мұнай өнімдерін тұтыну екі есе өседі екен. Сонымен қатар  энергетиктер  2030 жылға қарай автомобиль саны өсетіні туралы өз болжамдарын айтты: 1000 адамға 235 автомобиль  болатын  - қазіргі көрсеткішпен салыстырғанда 2030 жылға қарай 1000 адамға 310 автомобиль болады деп күтілуде.

Өз кезегінде «ҚазМұнайГаз Өнімдері» ЖШС өкілі Нұркен Мырзағалиев дөңгелек үстелдің қатысушыларына  Қазақстанда ЖЖМҚ жүйесінің франчайзинг сызбасы бойынша дамуы, оның жағымды нәтижелері, әлеуетті серіктестерге қойылатын талаптар және жобаны іске асырудың ағымдағы мәртебесі туралы  баяндады. Нұркен Мырзағалиев  франчайзинг басымдықтары туралы айта келе  «ҚазМұнайГаз» брендімен жұмыс істей отырып  ЖЖМҚ бекеттеріне  клиентерді тартуға үлкен мүмкіндіктер мен ЖЖМҚ отыны мен тауарларын өткізу кепілдіктері берілетінін  атап өтті.

Мұнай отынының тұтынушыларын қызықтыратын  басты тақырып – мұнай өнімдері нарығында баға белгілеу тақырыбын «Гелиос»  ЖШС логистика блогының директоры Артур Нам қозғады. Сарапшы ҚР аумағымен тасымалдау бойынша теміржол тарифтерін, сонымен қатар мұнай базалары мен ЖЖМҚ шығындарын қоса алғанда, ЖЖМ сату тізбегінің звенолары бойынша шығындар құрылымы туралы толық әңгімелеп берді. Оған қоса  «Гелиос»  өкілдері бензиннің өзіндік құнын есептеп көрсетті. Осылайша  көп сұранысқа ие бір литр  АИ-92 бензинінің бағасы  137-139 теңге болды.  Қазақстан нарығына өзімізде өндіретін бензиннің тапшылығы қатты әсер ететіні атап көрсетілді, десек те «ҚазМұнайГаз – өңдеу және маркетинг» АҚ Бас директорының маркетинг жөніндегі орынбасары Данияр Сатыбалдиннің болжамы бойынша келесі жылдың өзінде Қазақстан өзін-өзі бензинмен қамтамасыз ете алатын болады.  Энергетиктер  Қазақстан Республикасында Атырау, Павлодар және  Шымкент қалаларындағы үш мұнай өңдейтін зауытында қайта құру және жаңарту процестері  аяқталатынын хабарлады. Мұның өзі бензин өндірісін жылына 1100 мың тоннадан 2270 мың тоннаға дейін, дизельдік отын өндірісін жылына 1200 мың тоннадан 1900 мың тоннаға дейін, ал авиаотын өндіруді  235 мың тоннадан 400 мың тоннаға дейін арттырады.

Дөңгелек үстел мәжілісін қорыта келе Энергетика  вице-министрі Әсет Мағауов компаниялардың қажеттілігін, жұмыс орындарын сақтап қалу үшін және жалпы нарыққа қолдау көрсету үшін министрліктің жаңа салық кодексін және жер қойнауы туралы кодексін әзірлеу кезінде жер қойнауын пайдаланушыларға салық салу тарауына белгілі бір өзгерістер енгізбекші болып отырғанын мәлімдеді. 

IMG_6542IMG_6519

PDFБаспаға жіберуE-mail
 

Комментарий жазу


Қауіпсіздік  коды
Жаңарту