3-ші «Ұлттық энергетикалық баяндама» EXPO-2017 «Болашақ энергиясы» шеңберінде ұсынылады

размер шрифта: Aa | Aa
28.02.2017 10:25

3-ші «Ұлттық энергетикалық баяндама» EXPO-2017 «Болашақ энергиясы» шеңберінде ұсынылады

 

KAZENERGY қауымдастығы EXPO-2017 «Болашақ энергиясы» халықаралық мамандандырылған көрмесіне орайластырылған 3-ші Ұлттық энергетикалық баяндаманы әзірлеуге кірісті.

24-ақпанда Ұзақбай Қарабалиннің төрағалық етуімен Басқарушы комитеттің Бірінші жұмыс мәжілісі өтті. «ҰЭБ алғашқы екі шығарылымына, - деді ол, -  сарапшылық орта, сол сияқты мемлекеттік органдар мен салалық компания өкілдері де  оң баға берді. Сол себепті қауымдастық осы жұмысты биыл да жалғастырғалы отыр, оған бұрынғы халықаралық кеңесшілерді – IHS Markit компаниясын тартпақ».

Қарабалиннің айтуынша соңғы екі жылда елдің саяси және экономикалық өмірінде энергетикалық секторға тікелей әсер ететін елеулі өзгерістер болды. Осыған байланысты  баяндамада сала алдында тұрған ең өткір мәселелер мен сын-қатерлерге, сонымен қатар оларды шешетін кешенді қалыптастыруға  басты назар аудару керек. ҰЭБ-да берілген ұсыныстарда қауымдастықтың барлық мүшелерінің, оған қоса жалпы мемлекеттің де  мүддесі балансталып, ескерілуі тиіс.  Бұл жұмыстар энергетикалық нарықтың барлық қатысушыларымен тығыз қарым-қатынаста жүргізілуі шарт. Дәл осы тұрғыдан, - деп атап көрсетті қауымдастық Төрағасының орынбасары, - KAZENERGY атынан баяндаманы әзірлеу және бекітуге байланысты шешімдерді  қабылдайтын жалғыз орган - Басқарушы комитетті құру туралы шешім қабылданды.

Қауымдастық серіктестері – IHS сарапшылары өз кезегінде  баяндаманы  даярлаудың ортақ тәсілдері туралы  әңгімелеп берді. IHS Markit директорының орынбасары Полина Миренкова жалпы ақпарат ұсынып,  ҰЭБ жобасының негізгі бағыттары туралы айтып берді.

IHS Markit  басқарушы директоры Мэтт Сейгерс дүниежүзілік энергетиканың басты  үрдістері және оның Қазақстан нарығына әсері туралы өзінің ой-пікірін ортаға салды. Ол жер-жерде жаңармалы энергия көздерін қолдану  өсіп келе жатқанына қарамастан таяудағы онжылдықта дәстүрлі энергия ресурстарына деген сұраныс дами түсетінін, мұның өзі қазақстандық отын-энергетика саласының даму перспективасына оң әсерін тигізетінін атап көрсетті. 

Талқылаулардың қорытындысы бойынша мәжіліске қатысушылар осы аналитикалық еңбекте бейнеленетін маңызды жайттар  жөнінде өздерінің  ұсыныстары мен түсініктемелерін айтып өтті.

Комитеттің келесі мәжілісі  маусымның басында өтеді деп жоспарланды.

IMG_6554

PDFБаспаға жіберуE-mail
 

Комментарий жазу


Қауіпсіздік  коды
Жаңарту